https://sputnik.kz/20251128/shveytsariya-qazaqstanga-zhiyrma-zhylda-358-mlrd-dollar-investitsiya-quydy-59207231.html
Швейцария Қазақстанға жиырма жылда 35,8 млрд доллар инвестиция құйды
Швейцария Қазақстанға жиырма жылда 35,8 млрд доллар инвестиция құйды
Sputnik Қазақстан
Тоқаевтың пікірінше, Астана мен Берн арасындағы саяси диалог ашық әрі сындарлы сипатта жан-жақты дамып келеді 28.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-28T18:06+0500
2025-11-28T18:06+0500
2025-11-28T18:06+0500
инвестиция
шетелдік инвесторлар
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/1176/44/11764489_0:105:2000:1230_1920x0_80_0_0_b2dfd377651f54cacafffd3adb28f300.jpg
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария вице-президенті Ги Пармеланмен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ақорда.Қасым-Жомарт Тоқаев Ги Пармеланның Астанаға сапары екіжақты күн тәртібіне тың серпін беріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын жеткізді.Президент елімізде шамамен 400 швейцариялық компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істейтініне тоқталды.Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Астана мен Берн арасындағы саяси диалог ашық әрі сындарлы сипатта жан-жақты дамып келеді.Мемлекет басшысы экономикалық ынтымақтастықтың даму қарқынына назар аударды. Қазақстан мен Швейцария энергетика, тау-кен өнеркәсібі, өңдеу индустриясы, құрылыс, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, қаржы және жаңа технология салаларында табысты ықпалдастық орнатқан.Ги Пармелан Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдіріп, өзара байланыстың қарқынын жоғары бағалады. Сондай-ақ Швейцарияның саяси диалогты нығайтуға, инвестициялық жобаларды кеңейтуге және экономиканың негізгі секторларында бірлескен бастамаларды ілгерілетуге ниетті екенін растады.
https://sputnik.kz/20241106/qazaqstan-men-shveytsariya-qarazhat-zhymqyrgandardy-ekstraditsiyalau-turaly-kelisimge-keldi-48322227.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1176/44/11764489_110:0:1890:1335_1920x0_80_0_0_382ed2b2064bffbedef074cc09b83e5f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
инвестиция, шетелдік инвесторлар, қасым-жомарт тоқаев
инвестиция, шетелдік инвесторлар, қасым-жомарт тоқаев
Швейцария Қазақстанға жиырма жылда 35,8 млрд доллар инвестиция құйды
Тоқаевтың пікірінше, Астана мен Берн арасындағы саяси диалог ашық әрі сындарлы сипатта жан-жақты дамып келеді
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария вице-президенті Ги Пармеланмен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ги Пармеланның Астанаға сапары екіжақты күн тәртібіне тың серпін беріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын жеткізді.
"Мемлекет басшысы Қазақстан Швейцарияны Еуропадағы маңызды саяси және экономикалық серіктес, сондай-ақ 2005 жылдан бері елімізге 35,8 миллиард доллар құйған ірі инвесторлардың бірі ретінде қарастыратынын айтты", - деп жазылған хабарламада.
Президент елімізде шамамен 400 швейцариялық компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істейтініне тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Астана мен Берн арасындағы саяси диалог ашық әрі сындарлы сипатта жан-жақты дамып келеді.
Мемлекет басшысы экономикалық ынтымақтастықтың даму қарқынына назар аударды. Қазақстан мен Швейцария энергетика, тау-кен өнеркәсібі, өңдеу индустриясы, құрылыс, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, қаржы және жаңа технология салаларында табысты ықпалдастық орнатқан.
Ги Пармелан Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдіріп, өзара байланыстың қарқынын жоғары бағалады. Сондай-ақ Швейцарияның саяси диалогты нығайтуға, инвестициялық жобаларды кеңейтуге және экономиканың негізгі секторларында бірлескен бастамаларды ілгерілетуге ниетті екенін растады.