АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостерді қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Кездесуде авиация саласын дамыту мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысы Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостерді қабылдады
© Пресс-служба президента Казахстана
Қасым-Жомарт Тоқаев Air Astana компаниясының Еуразиядағы жетекші авиатасымалдаушылардың біріне айналуға Питер Фостердің елеулі үлес қосқанын атап өтті.
"Әңгімелесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашу, сондай-ақ аталған рейстерді орындау үшін алыс қашықтыққа ұшатын әуе кемелерін сатып алу мәселелеріне ден қойылды", - деп жазылған хабарламада.
Президент отандық авиацияның бәсекеге қабілеттілігін одан ары арттыру қажет екенін айтты.