Ертеңнен бастап Алматыдан Шанхайға тікелей рейстер іске қосылады

© Photo : Официальный телеграм-канал Air AstanaAir Astana ұшағы
Air Astana ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.01.2026
Жазылу
Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 81-ден 84-ке дейін артады
АСТАНА, 28 қаңтар - Sputnik. Air Astana Шанхайға рейстерді іске қосады, деп хабарлады көлік министрлігі.
"Осы жылдың 29 наурызынан бастап Air Astana Алматы мен Шанхай арасында тұрақты рейстерді орындай бастайды", - делінген министрліктің мәлімдемесінде.
Рейстер аптасына үш рет - сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері орындалады.
"Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 81-ден 84-ке дейін артады", - деді министрлікте.
Әуе компаниясы билеттерді сатудың басталғанын хабарлады.
"Бұл жаңа бағыттың ашылуы Air Astana әуе компаняисының Қытайдағы қатысуын кеңейтеді. Яғни Бейжің, Гуанчжоу, Үрімші және Саньяға бар рейстерден басқа бағыт болып іске қосылды. Қазақстан мен Азияның ең ірі қалаларының бірі арасындағы іскерлік және демалыс саяхаттары үшін қосымша мүмкіндіктер жасайды", - делінген министрліктің мәлімдемесінде.
Компанияның мәліметі бойынша, KC281 рейсі Алматыдан сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері сағат 19:10-да ұшып, Шанхайға келесі күні таңғы сағат 4:25-те қонады деп көзделіп отыр.
KC282 кері рейсі дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері орындалады, Шанхайдан таңғы сағат 5:40-та ұшып, Алматыға таңғы сағат 10:15-те қонады.
Әуе компаниясы рейстер заманауи тар фюзеляжды Airbus A321LR ұшағында орындалатынын хабарлады. Ұшу уақыты 6 сағат 15 минут, ал кері рейс 7 сағат 35 минутты алады.
Балхаш - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.01.2026
Биыл жазда Астанадан Балқашқа тікелей рейс іске қосылады
Жаңалықтар
0