Тоқаев Air Astana басшысымен Қазақстан мен АҚШ арасындағы тікелей әуе рейсін талқылады

© Photo : Пресс-служба Air Astana Air Astana ұшағы
Air Astana ұшағы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2026
Жазылу
Ол рейстерді орындау үшін алыс қашықтыққа ұшатын әуе кемелерін сатып алу мәселелеріне ден қойылды
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостерді қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Кездесуде авиация саласын дамыту мәселелері талқыланды.
© Пресс-служба президента КазахстанаМемлекет басшысы Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостерді қабылдады
 Касым Жомарт Токаев принял главного исполнительного директора Air Astana Питера Фостера - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2026
Мемлекет басшысы Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостерді қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Air Astana компаниясының Еуразиядағы жетекші авиатасымалдаушылардың біріне айналуға Питер Фостердің елеулі үлес қосқанын атап өтті.
"Әңгімелесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашу, сондай-ақ аталған рейстерді орындау үшін алыс қашықтыққа ұшатын әуе кемелерін сатып алу мәселелеріне ден қойылды", - деп жазылған хабарламада.
Президент отандық авиацияның бәсекеге қабілеттілігін одан ары арттыру қажет екенін айтты.
Air Astana ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.01.2026
Ертеңнен бастап Алматыдан Шанхайға тікелей рейстер іске қосылады
Жаңалықтар
0