АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Президент Astana Team балалар хоккей командасын Канадада өткен Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament халықаралық жарысында жеңіске жетуімен құттықтады, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық клубтың cенсациялық жетістігі отандық спорттағы айтулы уақиға екенін айтты.
"Мемлекет басшысы жоғары шеберлік деңгейі мен жеңіске деген ынта-жігерін паш етіп, ақтық сында хоккейдің отаны саналатын канадалықтардан басым түскен өрендерімізге ризашылығын жеткізді", - деп жазылған хабарламада.
Президент жас хоккейшілердің табанды түрде жаттығып, күш-қайраттарын шыңдап, бұдан да биік асуларды бағындыруына тілектестік білдірді.