Президент Astana Team балалар хоккей командасын халықаралық жарыстағы жеңіспен құттықтады

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуХоккей
Хоккей - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2026
Жазылу
Мемлекет басшысы қазақстандық клубтың cенсациялық жетістігі отандық спорттағы айтулы уақиға екенін айтты
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Президент Astana Team балалар хоккей командасын Канадада өткен Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament халықаралық жарысында жеңіске жетуімен құттықтады, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық клубтың cенсациялық жетістігі отандық спорттағы айтулы уақиға екенін айтты.

"Мемлекет басшысы жоғары шеберлік деңгейі мен жеңіске деген ынта-жігерін паш етіп, ақтық сында хоккейдің отаны саналатын канадалықтардан басым түскен өрендерімізге ризашылығын жеткізді", - деп жазылған хабарламада.

Президент жас хоккейшілердің табанды түрде жаттығып, күш-қайраттарын шыңдап, бұдан да биік асуларды бағындыруына тілектестік білдірді.
Касым-Жомарт Токаев с победителями международного турнира UAE SWAT Challenge-2026 - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2026
"Бұл жеңіс тарихта қалады": Тоқаев жарыстан жүлделі оралған командаларды марапаттады
Жаңалықтар
0