АСТАНА, 11 ақпан – Sputnik. Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында өнер көрсетуді бастады, деп хабарлады Ұлттық Олимпиадалық комитет.
Отандасымыз ерлер арасында жекелей сырғанауда қысқа бағдарламамен өнер көрсетті.
Мәнерлеп сырғанаушы төрешілердің шешімімен 92.94 ұпай жинап, нәтижесінде 5-орынға тұрақтады.
АҚШ өкілі Илья Малинин 108.16 ұпаймен көш бастады. Екінші орынды жапониялық Юга Кагияма (103.07 ұпай) иеленсе, үшінші аралық орынға 102.55 ұпаймен франциялық Адам Сяо Хим Фа тұрақтады.
Айта кетері, еркін бағдарлама 13 ақпанда өтеді.