Олимпиада-2026: Шайдоров қысқа бағдарламада үздік бестікке енді

© Photo : Минтуризма и спорта КазахстанаКазахстанский фигурист Михаил Шайдоров
Казахстанский фигурист Михаил Шайдоров  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2026
Жазылу
Мәнерлеп сырғанаушы төрешілердің шешімімен 92.94 ұпай жинады
АСТАНА, 11 ақпан – Sputnik. Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында өнер көрсетуді бастады, деп хабарлады Ұлттық Олимпиадалық комитет.
Отандасымыз ерлер арасында жекелей сырғанауда қысқа бағдарламамен өнер көрсетті.
Мәнерлеп сырғанаушы төрешілердің шешімімен 92.94 ұпай жинап, нәтижесінде 5-орынға тұрақтады.
АҚШ өкілі Илья Малинин 108.16 ұпаймен көш бастады. Екінші орынды жапониялық Юга Кагияма (103.07 ұпай) иеленсе, үшінші аралық орынға 102.55 ұпаймен франциялық Адам Сяо Хим Фа тұрақтады.
Айта кетері, еркін бағдарлама 13 ақпанда өтеді.
Церемония открытия XXV зимних Олимпийских игр на стадионе Сан-Сиро в Милане - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2026
Қазақстан спортшысы Олимпиада финалына шықты
Жаңалықтар
0