Қазақстан спортшысы Олимпиада финалына шықты

© Sputnik / РИА Новости / Медиабанкке өтуЦеремония открытия XXV зимних Олимпийских игр на стадионе Сан-Сиро в Милане
Церемония открытия XXV зимних Олимпийских игр на стадионе Сан-Сиро в Милане - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2026
Жазылу
Финалға үздік он спортшы шығады
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшы Павел Колмаков фристайл-могулдан финалға шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгін іріктеу кезеңінде Колмаковтың өнері 76.24 ұпайға бағаланды. Осылайша қазақстандық спортшы 29 могулистің арасында 9-орынға ие болды. Ал финалға үздік он спортшы шығады.
Финалдық бәсекелер 12 ақпанда өтеді. Бұған дейін Павел Колмаков әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған болатын.
Қысқы Олимпиада ойындары - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2026
Қысқы Олимпиада - 2026: алғашқы күні Қазақстан қандай спорт түрінен бақ сынайды
Жаңалықтар
0