Солтүстік Қазақстанда оқушы мектепке пневматикалық тапанша алып келген

Жергілікті полицияның мәліметінше, ешкім зардап шеккен жоқ
Sputnik
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында оқушы мектепке пневматикалық тапанша алып келген.
15 жастағы оқушының пневматикалық тапаншасы бар екенін мектеп әкімшілігіне басқа оқушылардың ата-аналары хабарлаған, деп Sputnik Қазақстанға Солтүстік Қазақстан облысының білім беру департаменті растады.
Тапанша тәркіленді. Ол шынайы қару болып көрінгенмен, бірақ ату үшін қолдануға жарамсыз.
Жергілікті полицияның мәліметінше, ешкім жарақат алған жоқ. Құқық бұзушы және оның заңды қамқоршысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұл бір апта ішінде мектепте қаруға қатысты болып отырған екінші оқиға: 5 ақпанда Батыс Қазақстанда жасөспірім сыныптастарына балта ала жүгірген.
Құлсарыдағы мектепте оқушы қатарластарына балтамен шабуыл жасаған