https://sputnik.kz/20260206/qulsaryda-oqushy-mektepte-qatarlastaryna-baltamen-shabuyl-zhasagan-60978406.html
Құлсарыдағы мектепте оқушы қатарластарына балтамен шабуыл жасаған
Құлсарыдағы мектепте оқушы қатарластарына балтамен шабуыл жасаған
Sputnik Қазақстан
Хабарлама түскен бойда оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетіп, жасөспірім анықталып, ұсталды 06.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-06T12:05+0500
2026-02-06T12:05+0500
2026-02-06T12:06+0500
мектеп
оқушы
балта
https://sputnik.kz/img/07ea/02/06/60977643_76:80:1348:796_1920x0_80_0_0_090f4a4d9ce2ccfcbd2bcb7021fcbaed.jpg
АСТАНА, 6 ақпан - Sputnik. Құлсарыда 10-сынып оқушысы қатарластарына балтамен шабуыл жасады, деп хабарлайды Атырау облыстық полиция департаменті.Оқиға 5 ақпанда №6 жалпы білім беретін мектепте болған.Оқиға салдарынан екі оқушы жеңіл дене жарақатын алған.Хабарлама түскен бойда оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетіп, жасөспірім анықталып, ұсталды. Оқиғаға қатысушылар мен олардың ата-аналары полиция бөліміне жеткізілді.Бұзақылық фактісімен қылмыстық іс қозғалды. 15 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, ішкі істер органдарының есебіне алынды. Жинақталған материалдар шешім қабылдау үшін кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жолданды.Сондай-ақ жасөспірімнің ата-анасына қатысты кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалды.Қылмысқа ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы білім беру бөліміне ұсыныс енгізілді. Тергеу қорытындысы бойынша білім беру ұйымының лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ оқу орнын күзететін күзет агенттігі қызметкерлерінің әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады, дейді Атырау полициясында.Ал денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен екі оқушыға алғашқы көмек көрсетілді дейді.Науқастарға қажетті медициналық ем-дом жасалып, рентгенологиялық зерттеу жүргізілді. Дәрігерлер тарапынан тиісті ұсынымдар беріліп, амбулаторлық ем қабылдауға жіберілді. Қазіргі уақытта жасөспірімдердің жағдайы қанағаттанарлық, өміріне қауіп жоқ.
https://sputnik.kz/20260205/soltustik-qazaqstanda-azhetkhanaga-suranyp-ketken-oqushy-zhansaqtau-bolimine-tusti-60951318.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/02/06/60977643_166:54:1157:797_1920x0_80_0_0_269d3a39c6cb7fe98ec151ef66d5efde.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп, оқушы, балта
Құлсарыдағы мектепте оқушы қатарластарына балтамен шабуыл жасаған
12:05 06.02.2026 (жаңартылды: 12:06 06.02.2026) Хабарлама түскен бойда оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетіп, жасөспірім анықталып, ұсталды
АСТАНА, 6 ақпан - Sputnik. Құлсарыда 10-сынып оқушысы қатарластарына балтамен шабуыл жасады, деп хабарлайды Атырау облыстық полиция департаменті.
Оқиға 5 ақпанда №6 жалпы білім беретін мектепте болған.
"102" арнасына Құлсары қаласында 10-сынып оқушысының қатарластарымен болған жанжалдан кейін оларға шабуыл жасап, мектеп аумағынан бой тасалағаны туралы хабарлама келіп түсті", - дейді полицияда.
Оқиға салдарынан екі оқушы жеңіл дене жарақатын алған.
Хабарлама түскен бойда оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетіп, жасөспірім анықталып, ұсталды. Оқиғаға қатысушылар мен олардың ата-аналары полиция бөліміне жеткізілді.
Бұзақылық фактісімен қылмыстық іс қозғалды. 15 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, ішкі істер органдарының есебіне алынды. Жинақталған материалдар шешім қабылдау үшін кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жолданды.
Сондай-ақ жасөспірімнің ата-анасына қатысты кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалды.
Қылмысқа ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы білім беру бөліміне ұсыныс енгізілді. Тергеу қорытындысы бойынша білім беру ұйымының лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ оқу орнын күзететін күзет агенттігі қызметкерлерінің әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады, дейді Атырау полициясында.
Ал денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен екі оқушыға алғашқы көмек көрсетілді дейді.
"Оқиға салдарынан 2009-2010 жылдары туған екі жасөспірім медициналық тексеруден өтті. Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, травматолог-дәрігердің қарауынан өткізілді. Тексеру барысында жұмсақ тіндердің соғылуы, сызаттар мен теріасты гематомалары анықталды", - дейді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасында.
Науқастарға қажетті медициналық ем-дом жасалып, рентгенологиялық зерттеу жүргізілді. Дәрігерлер тарапынан тиісті ұсынымдар беріліп, амбулаторлық ем қабылдауға жіберілді. Қазіргі уақытта жасөспірімдердің жағдайы қанағаттанарлық, өміріне қауіп жоқ.