https://sputnik.kz/20260205/soltustik-qazaqstanda-azhetkhanaga-suranyp-ketken-oqushy-zhansaqtau-bolimine-tusti-60951318.html
Солтүстік Қазақстанда әжетханаға сұранып кеткен оқушы жансақтау бөліміне түсті
Солтүстік Қазақстанда әжетханаға сұранып кеткен оқушы жансақтау бөліміне түсті
Sputnik Қазақстан
Оны мектеп қызметкерлері шалажансар күйде тауып алған 05.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-05T16:06+0500
2026-02-05T16:06+0500
2026-02-05T16:06+0500
солтүстік қазақстан облысы
оқушы
әжетхана
https://sputnik.kz/img/07e9/05/14/53695214_1:0:1279:719_1920x0_80_0_0_f81a02af19430b49b404f0557844f409.jpg
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Гусаковка ауылында оқушы сабақ үстінде өзін-өзі улаған. Sputnik Қазақстан тілшісі оқиғаның мән-жайын анасынан сұрап білді.Сабақ уақытында әжетханаға сұранып шығып кеткен 10-сынып оқушысын мектеп қызметкерлері шалажансар күйде тауып алған.Sputnik Қазақстан тілшісі оқушының анасы Ольгамен хабарласты. Ол оқиғаның қалай болғанын айтып берді.Жасөспірім отбасындағы үш баланың үлкені. Бұл әрекетке не үшін барғанын анасы айта алмады. Қызының мінез-құлқынан ешнәрсе байқамаған."Дәрігерлермен сөйлестім, қандай бір нақты ақпарат айта алмай отырмын. Өйткені бүгін жақсы десем, ертең қызымның жағдайы нашарлап кете ме деп қорқамын", - дейді Ольга.Гусаковка орта мектебінің директоры да оқушының тәртібі жақсы болғанын айтады.Тергеу амалдарына байланысты мектеп басшылығы басқа ақпарат беруден бас тартты. Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы жасөспірімнің жағдайы өте ауыр дейді."Химиялық күйік шалған 2009 жылы туған бала шұғыл түрде Айыртау аудандық ауруханасына жеткізілді. Баланың жағдайы анықталғаннан кейін санитарлық авиация арқылы Петропавл қаласының көпсалалы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Бүгінгі таңда бала жансақтау бөлімінде. Жағдай өте ауыр. Медициналық көмек толық көлемде көрсетіледі, жағдайды тұрақтандыру үшін барлық қажетті шара қабылданады", - дейді басқарма.Облыстық полиция департаменті тергеу жүріп жатқанын айтты.
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/14/53695214_161:0:1120:719_1920x0_80_0_0_0d123bb79a920422156d8a6a80914f51.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
солтүстік қазақстан облысы, оқушы, әжетхана
солтүстік қазақстан облысы, оқушы, әжетхана
Солтүстік Қазақстанда әжетханаға сұранып кеткен оқушы жансақтау бөліміне түсті
Оны мектеп қызметкерлері шалажансар күйде тауып алған
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Гусаковка ауылында оқушы сабақ үстінде өзін-өзі улаған.
Sputnik Қазақстан тілшісі оқиғаның мән-жайын анасынан сұрап білді.
Сабақ уақытында әжетханаға сұранып шығып кеткен 10-сынып оқушысын мектеп қызметкерлері шалажансар күйде тауып алған.
Sputnik Қазақстан тілшісі оқушының анасы Ольгамен хабарласты. Ол оқиғаның қалай болғанын айтып берді.
"Қызымның мінезі орнықты, ақылды бала. Алып-ұшып тұрған мінез жоқ. Өзінің жасына қарамай, үлкен адамша ойлап, пікір айтатын. 10 жыл бұрын алдын ала өмірін жоспарлайтын, мақсаты биік еді. Болашақта хирург болуды армандайтын. Сабағы да жақсы, химия-биология пәнін жақсы көретін. Қарағандыдағы жоғарғы оқу орнына барам деп жүрген", - дейді анасы Ольга.
Жасөспірім отбасындағы үш баланың үлкені. Бұл әрекетке не үшін барғанын анасы айта алмады. Қызының мінез-құлқынан ешнәрсе байқамаған.
"Дәрігерлермен сөйлестім, қандай бір нақты ақпарат айта алмай отырмын. Өйткені бүгін жақсы десем, ертең қызымның жағдайы нашарлап кете ме деп қорқамын", - дейді Ольга.
Гусаковка орта мектебінің директоры да оқушының тәртібі жақсы болғанын айтады.
"Өте тәртіпті оқушы болған. Сабақ үлгерімі де жақсы оқушы", - дейді директор Елена Матушко.
Тергеу амалдарына байланысты мектеп басшылығы басқа ақпарат беруден бас тартты. Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы жасөспірімнің жағдайы өте ауыр дейді.
"Химиялық күйік шалған 2009 жылы туған бала шұғыл түрде Айыртау аудандық ауруханасына жеткізілді. Баланың жағдайы анықталғаннан кейін санитарлық авиация арқылы Петропавл қаласының көпсалалы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Бүгінгі таңда бала жансақтау бөлімінде. Жағдай өте ауыр. Медициналық көмек толық көлемде көрсетіледі, жағдайды тұрақтандыру үшін барлық қажетті шара қабылданады", - дейді басқарма.
Облыстық полиция департаменті тергеу жүріп жатқанын айтты.