Солтүстік Қазақстанда оқушы мектепке пневматикалық тапанша алып келген

© Пресс-служба ГК "Калашников"Тапанша
Тапанша - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2026
Жазылу
Жергілікті полицияның мәліметінше, ешкім зардап шеккен жоқ
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында оқушы мектепке пневматикалық тапанша алып келген.
15 жастағы оқушының пневматикалық тапаншасы бар екенін мектеп әкімшілігіне басқа оқушылардың ата-аналары хабарлаған, деп Sputnik Қазақстанға Солтүстік Қазақстан облысының білім беру департаменті растады.
Тапанша тәркіленді. Ол шынайы қару болып көрінгенмен, бірақ ату үшін қолдануға жарамсыз.
Жергілікті полицияның мәліметінше, ешкім жарақат алған жоқ. Құқық бұзушы және оның заңды қамқоршысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұл бір апта ішінде мектепте қаруға қатысты болып отырған екінші оқиға: 5 ақпанда Батыс Қазақстанда жасөспірім сыныптастарына балта ала жүгірген.
Скриншот видео нападения ученика в школе Кульсары - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2026
Құлсарыдағы мектепте оқушы қатарластарына балтамен шабуыл жасаған
Жаңалықтар
0