Еліміздегі әр балаға 130 доллардан ақша берілді

6,9 млн-нан астам балаға $130,71 мөлшерінде қаражат есептелді
Sputnik
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Ұлттық банк "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша әр балаға қанша қаражат аударылғанын есептеді.
"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында 2025 жылдың қорытындысы бойынша әр баланың шотына 130,71 АҚШ долларынан есептелді.
2025 жылдың соңында бағдарламаға қатысушы бала саны 6 918 656 болды.
"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы 2024 жылы 1 қаңтарда іске қосылды. 2024 жылы әр балаға 100,52 АҚШ долларынан бөлінген болатын. 2025 жылы 129,38 АҚШ доллары есептелді.
Бағдарлама шарттарына сәйкес қаражат 18 жасқа дейінгі балаларға есептеледі.
Сома жыл сайын Ұлттық қордың ұзақ мерзімді инвестициялық кірісінің 50%-ы есебінен қалыптастырылады.
"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында берілген ақша оқуға немесе тұрғын үй сатып алуға жұмсалады.
"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасына өзгеріс енгізілуі мүмкін