https://sputnik.kz/20260131/biyl-ulttyq-qor--balalarga-bagdarlamasy-boyynsha-ar-balaga-qansha-aqsha-audaryldy-60823355.html
Еліміздегі әр балаға 130 доллардан ақша берілді
Еліміздегі әр балаға 130 доллардан ақша берілді
Sputnik Қазақстан
6,9 млн-нан астам балаға $130,71 мөлшерінде қаражат есептелді 31.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-31T12:18+0500
2026-01-31T12:18+0500
2026-01-31T14:33+0500
ұлттық қор
балалар
https://sputnik.kz/img/12/84/128411_0:0:2592:1458_1920x0_80_0_0_8f5b3c00b7ea5922ca42783a2b776b38.jpg
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Ұлттық банк "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша әр балаға қанша қаражат аударылғанын есептеді."Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында 2025 жылдың қорытындысы бойынша әр баланың шотына 130,71 АҚШ долларынан есептелді.2025 жылдың соңында бағдарламаға қатысушы бала саны 6 918 656 болды."Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы 2024 жылы 1 қаңтарда іске қосылды. 2024 жылы әр балаға 100,52 АҚШ долларынан бөлінген болатын. 2025 жылы 129,38 АҚШ доллары есептелді.Бағдарлама шарттарына сәйкес қаражат 18 жасқа дейінгі балаларға есептеледі.Сома жыл сайын Ұлттық қордың ұзақ мерзімді инвестициялық кірісінің 50%-ы есебінен қалыптастырылады."Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында берілген ақша оқуға немесе тұрғын үй сатып алуға жұмсалады.
https://sputnik.kz/20260123/ulttyq-qor--balalarga-bagdarlamasyna-ozgeris-engizilui-mumkin-60639632.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/12/84/128411_134:0:2438:1728_1920x0_80_0_0_509529c16e768ea6d19faaccc9d3718e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық қор, балалар
Еліміздегі әр балаға 130 доллардан ақша берілді
12:18 31.01.2026 (жаңартылды: 14:33 31.01.2026) 6,9 млн-нан астам балаға $130,71 мөлшерінде қаражат есептелді
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Ұлттық банк "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша әр балаға қанша қаражат аударылғанын есептеді.
"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында 2025 жылдың қорытындысы бойынша әр баланың шотына 130,71 АҚШ долларынан есептелді.
2025 жылдың соңында бағдарламаға қатысушы бала саны 6 918 656 болды.
"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы 2024 жылы 1 қаңтарда іске қосылды. 2024 жылы әр балаға 100,52 АҚШ долларынан бөлінген болатын. 2025 жылы 129,38 АҚШ доллары есептелді.
Бағдарлама шарттарына сәйкес қаражат 18 жасқа дейінгі балаларға есептеледі.
Сома жыл сайын Ұлттық қордың ұзақ мерзімді инвестициялық кірісінің 50%-ы есебінен қалыптастырылады.
"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында берілген ақша оқуға немесе тұрғын үй сатып алуға жұмсалады.