АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның өткен жылы атқарған қызметінің нәтижелері жөнінде мәлімет беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды.
Президент "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновті қабылдады
© Photo : Акорда
Тарифтік жүк айналымы 10 пайызға артып, 289 миллиард тонна-шақырымды құрады:
Тасымал көлемі 5,5 пайызға ұлғайып, 320 миллион тоннаға дейін жеткен;
Экспорттық тасымал 89 миллион тоннадан асты;
Жүк транзиті 20 пайыздан астам өсіп, 33 миллион тонна болды.
Былтыр пайдалануға берілген Достық – Мойынты темір жолының екінші желісі арқылы 6 миллион тонна немесе 100 мың вагоннан аса жүк жеткізілген.
Алдыбергеновтың айтуынша, теміржол инфрақұрылымдарын тарту және жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Жобалардың жалпы ұзындығы 3900 шақырымды құрайды.
Компания қызметінде қауіпсіздікті, тиімділік пен ашықтықты қамтамасыз ету үшін жасанды интеллектіні енгізу арқылы цифрлық жобалар жүзеге асырылып жатқанын жеткізді.
Президент өз кезегінде әлеуметтік мәселелерді шешудің маңызын атап өтіп, теміржолшыларға арналған қолжетімді тұрғын үй салу бастамасын құптап, саланы дамытуда бірқатар тапсырма берді.