https://sputnik.kz/20260108/qazaqstandyq-ondirushilerdin-temirzhol-shygyny-50-ke-deyin-oteledi-60243955.html
Қазақстандық өндірушілердің теміржол шығыны 50%-ке дейін өтеледі
Қазақстандық өндірушілердің теміржол шығыны 50%-ке дейін өтеледі
Sputnik Қазақстан
QazIndustry өндірушілерін қолдау жөніндегі ұлттық оператор былтыр шағын және орта бизнеске 2,8 млн доллар өтемақы төледі 08.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-08T20:31+0500
2026-01-08T20:31+0500
2026-01-08T20:31+0500
теміржол
теміржол тасымалдаушысы
https://sputnik.kz/img/07e7/04/08/33703677_0:161:3071:1888_1920x0_80_0_0_9f1f69ebd966148859c8ec6b25260e7f.jpg
АСТАНА, 8 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық өндірушілердің басымдық берілген тауарларды теміржол арқылы тасымалдау шығыны 50%-ке дейінөтеледі, деп хабарлады Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.Ведомство "Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді ішкі нарықта ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидаларын" өзгертті.Министрлік теміржол арқылы ішкі тасымалдауды осындай деңгейде қолдау бұрын-соңды болмағанын айтады.Сонымен қатар өнеркәсіп министрлігі Халықаралық өнімді сертификаттау шығындарының өтемақысын 5 есе ұлғайту туралы шешім қабылдады.Халықаралық сертификаттар қазақстандық өндірушілерге трансұлттық құрылымдардың тендерлеріне қатысуға және экспорттық әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді.Ведомство салық динамикасы бойынша талаптарды да жеңілдетті.Бұрын кәсіпорындар тіркелгеннен кейін үш жыл өткен соң жыл сайын салық аударымдарын арттыруға міндеттелсе, енді бұл талап 7 жылдан аз уақыт бұрын тіркелген кәсіпорындарға ғана қолданылады.Министрлік QazIndustry ұлттық операторы 2025 жылы шағын және орта бизнестің 1,436 млрд теңге көлемінде шығынын өтегенін, 60 кәсіпорын мемлекеттік қолдау алғанын атап өтті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/08/33703677_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_a8b7e410893687428c775fc86174a767.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
теміржол, теміржол тасымалдаушысы
теміржол, теміржол тасымалдаушысы
Қазақстандық өндірушілердің теміржол шығыны 50%-ке дейін өтеледі
QazIndustry өндірушілерін қолдау жөніндегі ұлттық оператор былтыр шағын және орта бизнеске 2,8 млн доллар өтемақы төледі
АСТАНА, 8 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық өндірушілердің басымдық берілген тауарларды теміржол арқылы тасымалдау шығыны 50%-ке дейінөтеледі, деп хабарлады Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
Ведомство "Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді ішкі нарықта ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидаларын" өзгертті.
"Отандық кәсіпорындардың ел ішінде басымдық берілген тауарларды теміржол көлігімен тасымалдау шығыны 50%-ке дейін өтеледі. Өтемақының ең жоғары мөлшері 10 000 АЕК-ке дейін (43,25 млн теңге) құрайды", - делінген хабарламада.
Министрлік теміржол арқылы ішкі тасымалдауды осындай деңгейде қолдау бұрын-соңды болмағанын айтады.
Сонымен қатар өнеркәсіп министрлігі Халықаралық өнімді сертификаттау шығындарының өтемақысын 5 есе ұлғайту туралы шешім қабылдады.
"Бұрын мемлекет 3 000 АЕК-ке дейін өтемақы төлесе, енді бұл көрсеткіш 15 000 АЕК-ке дейін, яғни шамамен 65 млн теңге болады", — деп көрсетілген хабарламада.
Халықаралық сертификаттар қазақстандық өндірушілерге трансұлттық құрылымдардың тендерлеріне қатысуға және экспорттық әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді.
Ведомство салық динамикасы бойынша талаптарды да жеңілдетті.
Бұрын кәсіпорындар тіркелгеннен кейін үш жыл өткен соң жыл сайын салық аударымдарын арттыруға міндеттелсе, енді бұл талап 7 жылдан аз уақыт бұрын тіркелген кәсіпорындарға ғана қолданылады.
"Бұл жаңа өндірістердің жобалық қуатқа шығу мерзімдерін ескереді және мемлекеттік қолдауға қолжетімді компаниялар аясын кеңейтеді", — деп санайды ведомство.
Министрлік QazIndustry ұлттық операторы 2025 жылы шағын және орта бизнестің 1,436 млрд теңге көлемінде шығынын өтегенін, 60 кәсіпорын мемлекеттік қолдау алғанын атап өтті.