https://sputnik.kz/20260116/temirzholshylarga-arnap-turgyn-uy-salynady-60451919.html
Теміржолшыларға арналған қолжетімді тұрғын үй салынады
Теміржолшыларға арналған қолжетімді тұрғын үй салынады
Sputnik Қазақстан
Тоқаев "Қазақстан темір жолы" басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновті қабылдады 16.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-16T14:53+0500
2026-01-16T14:53+0500
2026-01-16T15:46+0500
қасым-жомарт тоқаев
қтж
https://sputnik.kz/img/274/36/2743680_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_a6ac378d34601c028ade9769949bc3ee.jpg
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның өткен жылы атқарған қызметінің нәтижелері жөнінде мәлімет беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды. Тарифтік жүк айналымы 10 пайызға артып, 289 миллиард тонна-шақырымды құрады:Былтыр пайдалануға берілген Достық – Мойынты темір жолының екінші желісі арқылы 6 миллион тонна немесе 100 мың вагоннан аса жүк жеткізілген. Алдыбергеновтың айтуынша, теміржол инфрақұрылымдарын тарту және жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Жобалардың жалпы ұзындығы 3900 шақырымды құрайды. Компания қызметінде қауіпсіздікті, тиімділік пен ашықтықты қамтамасыз ету үшін жасанды интеллектіні енгізу арқылы цифрлық жобалар жүзеге асырылып жатқанын жеткізді. Президент өз кезегінде әлеуметтік мәселелерді шешудің маңызын атап өтіп, теміржолшыларға арналған қолжетімді тұрғын үй салу бастамасын құптап, саланы дамытуда бірқатар тапсырма берді.
https://sputnik.kz/20260108/qazaqstandyq-ondirushilerdin-temirzhol-shygyny-50-ke-deyin-oteledi-60243955.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/274/36/2743680_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_cf61408eb3590e218edd5b9b8fbb4611.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, қтж
Теміржолшыларға арналған қолжетімді тұрғын үй салынады
14:53 16.01.2026 (жаңартылды: 15:46 16.01.2026) Тоқаев "Қазақстан темір жолы" басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновті қабылдады
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновті қабылдады, деп хабарлады
Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның өткен жылы атқарған қызметінің нәтижелері жөнінде мәлімет беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды.
Тарифтік жүк айналымы 10 пайызға артып, 289 миллиард тонна-шақырымды құрады:
Тасымал көлемі 5,5 пайызға ұлғайып, 320 миллион тоннаға дейін жеткен;
Экспорттық тасымал 89 миллион тоннадан асты;
Жүк транзиті 20 пайыздан астам өсіп, 33 миллион тонна болды.
Былтыр пайдалануға берілген Достық – Мойынты темір жолының екінші желісі арқылы 6 миллион тонна немесе 100 мың вагоннан аса жүк жеткізілген.
Алдыбергеновтың айтуынша, теміржол инфрақұрылымдарын тарту және жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Жобалардың жалпы ұзындығы 3900 шақырымды құрайды.
Компания қызметінде қауіпсіздікті, тиімділік пен ашықтықты қамтамасыз ету үшін жасанды интеллектіні енгізу арқылы цифрлық жобалар жүзеге асырылып жатқанын жеткізді.
Президент өз кезегінде әлеуметтік мәселелерді шешудің маңызын атап өтіп, теміржолшыларға арналған қолжетімді тұрғын үй салу бастамасын құптап, саланы дамытуда бірқатар тапсырма берді.