Жеңістің 80 жылдығы

Санкт-Петебургте Әлия Молдағұлова ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Кеңес Одағының Батыры 1944 жылдың қаңтарында ерлікпен қаза тапты
Sputnik
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев пен еліміздің Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулы Дмитрий Михно Әлия Молдағұлова ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Санкт-Петебургте Әлия Молдағұлова ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова 1944 жылдың 14 қаңтарында ерлікпен қаза тапқан. Айтулы шара майдангер ерлігінің 82 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Санкт-Петебургте Әлия Молдағұлова ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Салтанатты шараға Санкт-Петербург қаласының Сыртқы байланыстар комитеті, қаладағы Красногвардейск ауданы әкімшілігі, қазақстандық әскери академияның тыңдаушылары, қазақ диаспорасы және Санкт-Петербург қаласындағы №140 мектеп оқушылары қатысты.
Санкт-Петебургте Әлия Молдағұлова ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Әлия Молдағұлова 78 фашисттің көзін жойған. Бірақ іс жүзінде бұл көрсеткіш одан да көп, деп атап өтті дипломаттар.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1944 жылғы 4 маусымдағы Жарлығымен ефрейтор Әлия Молдағұловаға қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ресейде оның құрметіне № 1512 Мәскеу мектебі батыр атымен аталған.
Жеңістің 80 жылдығы
Елші Дәурен Абаев Әлия Молдағұлова атындағы Мәскеу мектебіне барды