https://sputnik.kz/20260116/sankt-peteburgte-aliya-moldagulova-eskertkishine-gul-shoqtary-qoyyldy-60434287.html
Санкт-Петебургте Әлия Молдағұлова ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Санкт-Петебургте Әлия Молдағұлова ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Sputnik Қазақстан
Кеңес Одағының Батыры 1944 жылдың қаңтарында ерлікпен қаза тапты 16.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-16T08:35+0500
2026-01-16T08:35+0500
2026-01-16T08:43+0500
әлия молдағұлова
ескерткіш
санкт-петербург
елші
ресей елшілігі
жеңістің 80 жылдығы
https://sputnik.kz/img/07ea/01/10/60433228_12:96:1228:780_1920x0_80_0_0_a8e52c357ec9df02a72a2274fdff7b75.jpg
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев пен еліміздің Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулы Дмитрий Михно Әлия Молдағұлова ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова 1944 жылдың 14 қаңтарында ерлікпен қаза тапқан. Айтулы шара майдангер ерлігінің 82 жылдығына орай ұйымдастырылды.Салтанатты шараға Санкт-Петербург қаласының Сыртқы байланыстар комитеті, қаладағы Красногвардейск ауданы әкімшілігі, қазақстандық әскери академияның тыңдаушылары, қазақ диаспорасы және Санкт-Петербург қаласындағы №140 мектеп оқушылары қатысты.Әлия Молдағұлова 78 фашисттің көзін жойған. Бірақ іс жүзінде бұл көрсеткіш одан да көп, деп атап өтті дипломаттар. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1944 жылғы 4 маусымдағы Жарлығымен ефрейтор Әлия Молдағұловаға қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ресейде оның құрметіне № 1512 Мәскеу мектебі батыр атымен аталған.
https://sputnik.kz/20250423/elshi-dauren-abaev-aliya-moldagulova-atyndagy-maskeu-mektebine-bardy-52751597.html
санкт-петербург
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/01/10/60433228_78:56:1133:847_1920x0_80_0_0_4511740802716df0321f0ad486393cf2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлия молдағұлова, ескерткіш, санкт-петербург, елші, ресей елшілігі
әлия молдағұлова, ескерткіш, санкт-петербург, елші, ресей елшілігі
Санкт-Петебургте Әлия Молдағұлова ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
08:35 16.01.2026 (жаңартылды: 08:43 16.01.2026) Кеңес Одағының Батыры 1944 жылдың қаңтарында ерлікпен қаза тапты
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев пен еліміздің Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулы Дмитрий Михно Әлия Молдағұлова ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова 1944 жылдың 14 қаңтарында ерлікпен қаза тапқан. Айтулы шара майдангер ерлігінің 82 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Салтанатты шараға Санкт-Петербург қаласының Сыртқы байланыстар комитеті, қаладағы Красногвардейск ауданы әкімшілігі, қазақстандық әскери академияның тыңдаушылары, қазақ диаспорасы және Санкт-Петербург қаласындағы №140 мектеп оқушылары қатысты.
Әлия Молдағұлова 78 фашисттің көзін жойған. Бірақ іс жүзінде бұл көрсеткіш одан да көп, деп атап өтті дипломаттар.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1944 жылғы 4 маусымдағы Жарлығымен ефрейтор Әлия Молдағұловаға қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ресейде оның құрметіне № 1512 Мәскеу мектебі батыр атымен аталған.