Елші Дәурен Абаев Әлия Молдағұлова атындағы Мәскеу мектебіне барды
© Photo : посольство Казахстана в РоссииДаурен Абаев посетил московскую школу имени Алии Молдагуловой

© Photo : посольство Казахстана в России
Жазылу
Мектеп орналасқан көше де Әлия Молдағұлованың есімімен аталады
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова атындағы №1512 Мәскеу мектебіне барды.
Еске алу рәсімінен кейін елші үнемі жаңа экспонаттармен толығып тұратын мектеп мұражайын аралады.
© Photo : посольство Казахстана в РоссииДаурен Абаев посетил московскую школу имени Алии Молдагуловой

Даурен Абаев посетил московскую школу имени Алии Молдагуловой
© Photo : посольство Казахстана в России
Биыл Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толды. Бұл мерейтой Жеңістің 80 жылдығына тұспа-тұс келіп отыр.
© Photo : посольство Казахстана в РоссииДаурен Абаев посетил московскую школу имени Алии Молдагуловой

Даурен Абаев посетил московскую школу имени Алии Молдагуловой
© Photo : посольство Казахстана в России
Мәскеудегі №1512 жалпы орта білім беретін мектеп 1971 жылы ашылған. 1999 жылы оқу орнына Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың есімі берілген.
Қазақстанның Ресейдегі елшілігі мектепке көптен бері қамқорлық жасап келеді.
"2005 жылы Жеңістің 60 жылдығына орай мұнда мерген батыр қызға мүсін орнатылды. 2010 жылы Жеңістің 65 жылдығына орай елшілік, Мәскеу мэриясы және Ақтөбе облысының бизнесмендерінің қолдауымен мектеп заманауи оқу-техникалық жабдықтармен жарақтандырылды. Сонымен қатар, мектепке шағын автобус сыйға тартылды", - делінген елшілік хабарламасында.
© Photo : посольство Казахстана в РоссииДаурен Абаев посетил московскую школу имени Алии Молдагуловой

Даурен Абаев посетил московскую школу имени Алии Молдагуловой
© Photo : посольство Казахстана в России
Мектеп мұражайында Әлия Молдағұлованың қысқа өмір жолынан фотосуреттер, мұрағаттық материалдар, кітаптар жинақталған.
Абаев өз сөзінде Әлия Молдағұлованың есімі қазақстандықтар мен ресейліктер үшін бірдей қымбат екенін атап өтті.
© Photo : посольство Казахстана в РоссииДаурен Абаев посетил московскую школу имени Алии Молдагуловой

Даурен Абаев посетил московскую школу имени Алии Молдагуловой
© Photo : посольство Казахстана в России
"Биыл біз Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуын бірге атап өтудеміз. Қаһарман қала Мәскеудегі оның атындағы көше, мектеп және онда орнатылған мүсіні сол кездегі батырлығы мен қазіргі ұрпақтың ризашылығының куәсі. Бұл – біздің ортақ тарихымыз бен бауырластық қатынастарымыздың тағы бір символы және жас ұрпақ үшін ең жақсы үлгі", – деп атап өтті Абаев.
Өз кезегінде, №1512 мектептің директоры Елена Дегтярева оқушылар батыр қызды еске алуға аса құрметпен қарайтындығына назар аударды. Мектепте оның атындағы мұражай жұмыс істейді, ол үнемі экспонаттармен толықтырылып отырады.