Великая Отечественная война 1941-1945. Сталинградская битва - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы
2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толады. Осыған байланысты ТМД елдерінде 2025 жыл "Жеңістің 80 жылдығы және нацизмге қарсы күрестегі бірлік жылы" деп жарияланды.

Әлия Молдағұлованың ауылындағы Мәдениет үйі 74 млн теңгеге жөнделді

© Photo : Ақтөбе облысының әкімдігіӘлия Молдағұлованың туған ауылындағы Мәдениет үйі мен патриоттық тәрбие орталығы күрделі жөндеуден өтті
Әлия Молдағұлованың туған ауылындағы Мәдениет үйі мен патриоттық тәрбие орталығы күрделі жөндеуден өтті - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2025
Жазылу
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Ақтөбе облысында Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай батырдың туған ауылындағы Мәдениет үйі мен патриоттық тәрбие орталығы күрделі жөндеуден өтті, деп хабарлады өңір әкімдігінің баспасөз қызметі.
Облыс әкімі Қобда ауданына жұмыс сапары кезінде Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың туған жері "Әлия" ауылында болды.
© Photo : Ақтөбе облысының әкімдігіӘлия Молдағұлованың туған ауылындағы Мәдениет үйі мен патриоттық тәрбие орталығы күрделі жөндеуден өтті
Әлия Молдағұлованың туған ауылындағы Мәдениет үйі мен патриоттық тәрбие орталығы күрделі жөндеуден өтті - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2025
Әлия Молдағұлованың туған ауылындағы Мәдениет үйі мен патриоттық тәрбие орталығы күрделі жөндеуден өтті
Әлия ауылы Ақтөбе қаласынан 70 шақырым жерде орналасқан. Елді мекенде мыңнан астам тұрғын бар.
"100 жылдық мерейтойға орай ауылдағы Мәдениет үйі жөндеуден өтті. Бұған облыстық бюджеттен 74,4 млн теңге бөлінді. Мәдени ошақтың есіктері жаңаланып, едені мен шатыры ауыстырылды, қабырғалар әктеліп, жаңа плиткалар төселді, бейнебақылау камералары орнатылды, көше жарығы қойылып, тротуарлары алынып, ауласы абаттандырылды", - деп жазылған хабарламада.
Ауылдық модельдік кітапхана да осы мәдени нысанның ішінде орналасқан. Халықтың бос уақытын тиімді өткізу үшін мұнда түрлі тақырыптық іс-шаралар өткізіледі, театрландырылған қойылымдар ұсынылып, көрмелер ұйымдастырылады.
Кітапханашы Кенжегүл Князова мерген қыздың 100 жылдығын мерекелеу аясында кітапханада батырға арналған еске алу кешін және өзге де танымдық іс-шараларды өткізуді жоспарлап отырғанын жеткізді.
© Photo : Ақтөбе облысының әкімдігіӘлия Молдағұлованың туған ауылындағы Мәдениет үйі мен патриоттық тәрбие орталығы күрделі жөндеуден өтті
Әлия Молдағұлованың туған ауылындағы Мәдениет үйі мен патриоттық тәрбие орталығы күрделі жөндеуден өтті - Sputnik Қазақстан
1/2
Әлия Молдағұлованың туған ауылындағы Мәдениет үйі мен патриоттық тәрбие орталығы күрделі жөндеуден өтті
© Photo : Ақтөбе облысының әкімдігіӘлия Молдағұлованың туған ауылындағы Мәдениет үйі мен патриоттық тәрбие орталығы күрделі жөндеуден өтті
Әлия Молдағұлованың туған ауылындағы Мәдениет үйі мен патриоттық тәрбие орталығы күрделі жөндеуден өтті - Sputnik Қазақстан
2/2
Әлия Молдағұлованың туған ауылындағы Мәдениет үйі мен патриоттық тәрбие орталығы күрделі жөндеуден өтті
1/2
Әлия Молдағұлованың туған ауылындағы Мәдениет үйі мен патриоттық тәрбие орталығы күрделі жөндеуден өтті
2/2
Әлия Молдағұлованың туған ауылындағы Мәдениет үйі мен патриоттық тәрбие орталығы күрделі жөндеуден өтті
Сондай-ақ, өңір басшысы Асхат Шахаров облыстық "Әлия" патриоттық тәрбие орталығында жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарын қарап шықты.
Орталық 2005 жылы Әлия Молдағұлованың 80 жылдығына орай ашылды. Мұнда батыр қыздың өмірі мен ауыл тарихына арналған жәдігерлер қойылған мұражай бар.
Жөндеу барысында орталық ғимараты толығымен жаңғыртылды. Қасбеті жаңартылып, шатыры ауыстырылды, су және электрмен жабдықтау жүйесі ретке келтірілді, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілді. Плиталар төселіп, жылыту қазандығы жаңаланды.
Аймақ басшысы бұл орталықтың жастарға патриоттық тәрбие беруде және даңқты батыр қыз туралы құнды тарихты сақтап қалуда маңызы зор екенін атап өтті. Мәдени орда жас ұрпақ арасында азаматтық жауапкершілік пен олардың бойында патриотизмді тәрбиелеуде орасан зор рөл атқарып келеді.
Жаңалықтар
0