Қаржы пирамидасының басшысы Грузиядан экстрадицияланды

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
Sputnik
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Грузияда ұсталған қаржы пирамидасының басшысы Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Ұсталған әйел 2018-2022 жылдары Астанада "World Busines Consulting" қаржы пирамидасын басқарған. Оның өңірлердегі бөлімшелері арқылы 6,5 млрд теңгеден астам қаржы заңсыз тартылған.
Бұған дейін пирамиданың бірқатар қатысушысы сотталған. Ал басшысы шетелге қашып кеткен. Оған халықаралық іздеу жарияланған болатын.
"2025 жылдың қарашасында ол Грузияда ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді прокурорлар.
Күдіктіні іздеуге Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері де атсалысты. Оларға Қазақстанның Грузиядағы елшілігі көмектесті.
Айта кетері, мұндай қылмыс үшін 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сотталған адамның мүлкі де тәркіленеді.
Астанада қаржы пирамидасы салымшыларын 136 млн теңгеге алдап кетті