https://sputnik.kz/20260116/qarzhy-piramidasynyn-basshysy-gruziyadan-ekstraditsiyalandy-60455068.html
Қаржы пирамидасының басшысы Грузиядан экстрадицияланды
Қаржы пирамидасының басшысы Грузиядан экстрадицияланды
Sputnik Қазақстан
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды 16.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-16T22:11+0500
2026-01-16T22:11+0500
2026-01-16T22:11+0500
қаржы пирамидасы
грузия
https://sputnik.kz/img/785/26/7852617_0:63:1199:737_1920x0_80_0_0_d00b34228e9a99484e1bad605824b910.jpg
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Грузияда ұсталған қаржы пирамидасының басшысы Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Бас прокуратураға сілтеме жасап.Ұсталған әйел 2018-2022 жылдары Астанада "World Busines Consulting" қаржы пирамидасын басқарған. Оның өңірлердегі бөлімшелері арқылы 6,5 млрд теңгеден астам қаржы заңсыз тартылған.Бұған дейін пирамиданың бірқатар қатысушысы сотталған. Ал басшысы шетелге қашып кеткен. Оған халықаралық іздеу жарияланған болатын.Күдіктіні іздеуге Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері де атсалысты. Оларға Қазақстанның Грузиядағы елшілігі көмектесті.Айта кетері, мұндай қылмыс үшін 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сотталған адамның мүлкі де тәркіленеді.
https://sputnik.kz/20251215/astanada-qarzhy-piramidasy-salymshylaryn-136-mln-tengege-aldap-ketti-59609942.html
грузия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/785/26/7852617_65:0:1132:800_1920x0_80_0_0_673503435891cdd564218c12645f877c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаржы пирамидасы, грузия
Қаржы пирамидасының басшысы Грузиядан экстрадицияланды
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Грузияда ұсталған қаржы пирамидасының басшысы Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Бас прокуратураға
сілтеме жасап.
Ұсталған әйел 2018-2022 жылдары Астанада "World Busines Consulting" қаржы пирамидасын басқарған. Оның өңірлердегі бөлімшелері арқылы 6,5 млрд теңгеден астам қаржы заңсыз тартылған.
Бұған дейін пирамиданың бірқатар қатысушысы сотталған. Ал басшысы шетелге қашып кеткен. Оған халықаралық іздеу жарияланған болатын.
"2025 жылдың қарашасында ол Грузияда ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді прокурорлар.
Күдіктіні іздеуге Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері де атсалысты. Оларға Қазақстанның Грузиядағы елшілігі көмектесті.
Айта кетері, мұндай қылмыс үшін 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сотталған адамның мүлкі де тәркіленеді.