https://sputnik.kz/20251215/astanada-qarzhy-piramidasy-salymshylaryn-136-mln-tengege-aldap-ketti-59609942.html
Астанада қаржы пирамидасы салымшыларын 136 млн теңгеге алдап кетті
Астанада қаржы пирамидасы салымшыларын 136 млн теңгеге алдап кетті
Sputnik Қазақстан
Компания оларға ай сайын 15%-20% көлемінде табыс уәде еткен 15.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-15T11:15+0500
2025-12-15T11:15+0500
2025-12-15T11:16+0500
қаржы пирамидасы
https://sputnik.kz/img/1419/62/14196243_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_82de9b90992ed5b8c071e80d76e47282.jpg
АЛМАТЫ, 15 желтоқсан - Sputnik. Астана қаласында "Sincere Systems Group LTD" ("S-Group") қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастыру және басқару фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. "S-Group" компаниясы өзін Ұлыбританиядағы инвестициялық қор ретінде таныстырып, Forex нарығында сенімгерлік басқару, майнинг және SWP, SWCT ішкі криптотокендерімен сауда жүргізу қызметтерін ұсынатындығын мәлімдеген. Салымшыларға айына 15%-20%, жылына 120%-180% көлемінде табыс уәде етілген. Инвестициялық қызмет шынайы көрінуі үшін қатысушыларға компанияның сайтындағы жеке кабинетке қолжетімділік берілген. Онда виртуалды депозиттер, "табыстың өсімі" және есептелген қаражат көрсетілген. Қылмыстық жолмен алынған табысқа ұйымдастырушылар елордадан 2 пәтер және 2 автокөлік сатып алған. Оларды жасыру мақсатында сенімді адамдардың атына рәсімдеген. Сот санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды.
https://sputnik.kz/20250925/almatyda-amir-capital-qarzhy-piramidasy-zhoyyldy-57350442.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1419/62/14196243_250:0:1750:1125_1920x0_80_0_0_511d9de5b20ecefc64c0a21f91e6a56d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаржы пирамидасы
Астанада қаржы пирамидасы салымшыларын 136 млн теңгеге алдап кетті
11:15 15.12.2025 (жаңартылды: 11:16 15.12.2025) Компания оларға ай сайын 15%-20% көлемінде табыс уәде еткен
АЛМАТЫ, 15 желтоқсан - Sputnik. Астана қаласында "Sincere Systems Group LTD" ("S-Group") қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастыру және басқару фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"S-Group" компаниясы өзін Ұлыбританиядағы инвестициялық қор ретінде таныстырып, Forex нарығында сенімгерлік басқару, майнинг және SWP, SWCT ішкі криптотокендерімен сауда жүргізу қызметтерін ұсынатындығын мәлімдеген.
Салымшыларға айына 15%-20%, жылына 120%-180% көлемінде табыс уәде етілген. Инвестициялық қызмет шынайы көрінуі үшін қатысушыларға компанияның сайтындағы жеке кабинетке қолжетімділік берілген. Онда виртуалды депозиттер, "табыстың өсімі" және есептелген қаражат көрсетілген.
"Алайда іс жүзінде салымшылардың қаражаты инвестицияланбаған. Ақша күдіктілердің жеке қажеттіліктеріне жұмсалған. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 136 млн теңгеден асты", - дейді қаржылық мониторинг агенттігі.
Қылмыстық жолмен алынған табысқа ұйымдастырушылар елордадан 2 пәтер және 2 автокөлік сатып алған. Оларды жасыру мақсатында сенімді адамдардың атына рәсімдеген.
Сот санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды.