https://sputnik.kz/20250925/almatyda-amir-capital-qarzhy-piramidasy-zhoyyldy-57350442.html
Алматыда "Amir Capital" қаржы пирамидасы жойылды
Алматыда "Amir Capital" қаржы пирамидасы жойылды
Sputnik Қазақстан
Күдіктілердің бірі 2 айға қамауға алынды 25.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-25T10:37+0500
2025-09-25T10:37+0500
2025-09-25T10:37+0500
алматы
қаржы пирамидасы
https://sputnik.kz/img/1419/44/14194450_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_43670f669029685dbede4eb5e60b24cf.jpg
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Алматыда бірнеше адам "Amir Capital" қаржы пирамидасын құрды және оны басқарды деген күдікке ілінді, олардың бірі қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.Өзін халықаралық инвестициялық қор ретінде таныстырған "Amir Capital" компаниясы үш жыл бойы Қазақстан, Беларусь, Ресей және Қырғызстан азаматтарынан криптовалюта саудасы, майнинг және түрлі жобаларға инвестиция салу арқылы 5–10% мөлшерінде табыс уәде етіп, қаржы тартқан.Түскен қаражат қаржы пирамидасының принципі бойынша бөлініп отырған — яғни, бұрын тіркелген қатысушыларға төлемдер кейінгі салымшылардың қаржысы есебінен төленген.Нәтижесінде аталған пирамидаға 40-тан астам адам тартылған.2021 жылдың соңында салымшылардың "amir.capital" платформасындағы жеке кабинеттерінен қаражат шығару мүмкіндігі шектелген. Ұйымдастырушылар бұл жағдайды техникалық ақаулармен түсіндіріп, төлемдерді қайта бастауға уәде бергенімен, қаражатқа қол жеткізу мүмкіндігі қалпына келтірілмеген.Күдіктілердің бірі 2 айға қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
https://sputnik.kz/20250909/elde-45-qarzhy-piramidasy-taratyldy---qarzhylyq-monitoring-agenttigi-56931417.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1419/44/14194450_331:0:1831:1125_1920x0_80_0_0_ec388095f407e1d42b5537e42bdbcc39.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, қаржы пирамидасы
Алматыда "Amir Capital" қаржы пирамидасы жойылды
Күдіктілердің бірі 2 айға қамауға алынды
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Алматыда бірнеше адам "Amir Capital" қаржы пирамидасын құрды және оны басқарды деген күдікке ілінді, олардың бірі қамауға алынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Өзін халықаралық инвестициялық қор ретінде таныстырған "Amir Capital" компаниясы үш жыл бойы Қазақстан, Беларусь, Ресей және Қырғызстан азаматтарынан криптовалюта саудасы, майнинг және түрлі жобаларға инвестиция салу арқылы 5–10% мөлшерінде табыс уәде етіп, қаржы тартқан.
"Инвесторлар компанияның ресми сайты арқылы жолданған реферальды сілтеме бойынша тіркелген. Жеке кабинеттерді толтыру криптовалюта түрінде (USDT, BTC, ETH) Amir Wallet әмияны арқылы жүзеге асқан", - деп жазылған хабарламада.
Түскен қаражат қаржы пирамидасының принципі бойынша бөлініп отырған — яғни, бұрын тіркелген қатысушыларға төлемдер кейінгі салымшылардың қаржысы есебінен төленген.
Нәтижесінде аталған пирамидаға 40-тан астам адам тартылған.
2021 жылдың соңында салымшылардың "amir.capital" платформасындағы жеке кабинеттерінен қаражат шығару мүмкіндігі шектелген. Ұйымдастырушылар бұл жағдайды техникалық ақаулармен түсіндіріп, төлемдерді қайта бастауға уәде бергенімен, қаражатқа қол жеткізу мүмкіндігі қалпына келтірілмеген.
"Сот құны 10 млн АҚШ долларынан асатын криптоактивтер мен Алматы облысындағы жер телімін бұғаттауға санкция берді", - дейді агенттік.
Күдіктілердің бірі 2 айға қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.