Елде 45 қаржы пирамидасы таратылды - қаржылық мониторинг агенттігі

Мемлекет басшысы қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады
Мемлекет басшысы қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2025
Жазылу
Заңсыз микронесие беру деректері бойынша 23 тергеу ісі басталды
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа агенттік қызметінің негізгі нәтижелері туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған міндеттері таныстырылды.
Элимановтың мәліметінше, ведомство 24 миллиард теңгеден астам қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырған жалған компанияларды әшкерелеп, есірткі сатудан және алаяқтықтан түскен табыстарды жылыстатқан 20 заңсыз криптобиржа қызметін тоқтатқан.
Сонымен қатар ТМД аумағындағы ең ірі криптосервис жойылды. Ол 20 Darknet алаңымен жұмыс істеп, 200-ден астам "наркошопты" қамтыған. 9,7 миллион долларға тең виртуалды активтер бұғатталды.
Қаржылық мониторинг агенттігі 720 қылмыстық істі тергеуді аяқтап, 15 ұйымдасқан қылмыстық топты, соның ішінде 3 трансұлттық топты жойғаны жөнінде ақпарат берді.
Бұдан бөлек, 17,1 миллиард теңге сомасындағы мұнай өнімдерін заңсыз шығару әрекеті тоқтатылды, заңсыз темекі өнімдерін дайындаған 2 жасырын цех және суррогат алкоголь өнімдерін өндіретін 16 цех әшкереленді. Көлеңкелі айналымнан 12 миллиард теңгеге бағаланған вейптер алынды.
Агенттік басшысы хабарлағандай, жалпы құны 164 миллиард теңге болатын 63 инфрақұрылымдық жобадағы бюджет қаржысының мақсатсыз жұмсалуы және ауыл шаруашылығы саласындағы 11 миллиард теңгенің субсидияларын тиімсіз игеру деректері тоқтатылды.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жалған стоматологиялық қызмет көрсету арқылы 200 миллиард теңгені заңсыз шығару фактілері анықталды.
Заңсыз микронесие беру деректері бойынша 23 тергеу ісі басталды. Оның шығыны 71 миллиард теңгені құрайды. 300 мыңнан аса қарыз алушының берешегін қайтару және есептен шығару жұмысы жүргізіліп жатыр, 112 мыңнан астам азаматты тартқан 45 қаржы пирамидасы таратылды, алаяқтық жобалар мен құмар ойындарға қатысы бар 31,5 мың сайт пен сілтеме бұғатталды.
Мемлекет басшысы ведомство қызметінің басты бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.
Айтудың өзі ұят: Тоқаев қазақстандық нарықтың импортқа тәуелділігін сынады - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2025
"Айтудың өзі ұят": Тоқаев қазақстандық нарықтың импортқа тәуелділігін сынады
Жаңалықтар
0