https://sputnik.kz/20250908/aytudyn-ozi-uyat-toqaev-ukimettin-strategiyalyq-mindetin-eske-saldy--56908702.html
"Айтудың өзі ұят": Тоқаев қазақстандық нарықтың импортқа тәуелділігін сынады
"Айтудың өзі ұят": Тоқаев қазақстандық нарықтың импортқа тәуелділігін сынады
Sputnik Қазақстан
Президенттің айтуынша, дәстүрлі ұлттық өнімдерімізді сыртқы нарыққа белсенді түрде таныту керек 08.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-08T17:54+0500
2025-09-08T17:54+0500
2025-09-11T08:17+0500
қасым-жомарт тоқаев
қазақстан халқына арналған жолдау
азық-түлік
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e9/03/11/51668181_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_03b8770b266c5fcc782df3ea496835d1.jpg
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі жолдауда азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігін барынша азайту қажеттігін баса айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Мемлекет басшысы алдымен ет мәселесіне тоқталды. Бүгінде ішкі нарықты етпен толық қамтамасыз ету – басты міндет. Сондай-ақ, осы саланың экспорттық әлеуетін күшейту керек. Президенттің айтуынша, дәстүрлі ұлттық өнімдерімізді сыртқы нарыққа белсенді түрде таныту керек. "Сондықтан аграрлық экспорттың нақты жоспарын әзірлеу қажет. Онда логистика, ветеринарлық және фитосанитарлық стандарттар мен ұтымды маркетинг стратегиясы ескерілуі тиіс. Бұл – Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғана емес, бірқатар мемлекеттік органның ортақ міндеті. Осыны Үкімет басшылығы деңгейінде үйлестіріп отыру керек", - деп атап көрсетті Тоқаев. Сондай-ақ, мемлекет басшысы сүт өндірушілерді қолдауға тапсырма берді. Себебі олар Еуразия экономикалық одағына мүше басқа мемлекеттердің кәсіпорындарымен салыстырғанда қажетті мөлшерде мемлекеттік қолдауға ие болмай отыр. Содан тиімсіз жағдайларға тап болып, ішкі нарықтың өзінде бәсекелестеріне есе жіберіп жатыр.
https://sputnik.kz/20250908/mal-osiretin-adam-demalmaydy-ministr-siyr-etinin-bagasyna-qatysty-pikir-bildirdi--56907363.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/11/51668181_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_098f86d7478f4fa820bba4d391d3c5f1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, қазақстан халқына арналған жолдау, азық-түлік, еаэо
қасым-жомарт тоқаев, қазақстан халқына арналған жолдау, азық-түлік, еаэо
"Айтудың өзі ұят": Тоқаев қазақстандық нарықтың импортқа тәуелділігін сынады
17:54 08.09.2025 (жаңартылды: 08:17 11.09.2025) Президенттің айтуынша, дәстүрлі ұлттық өнімдерімізді сыртқы нарыққа белсенді түрде таныту керек
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі жолдауда азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігін барынша азайту қажеттігін баса айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Мемлекет басшысы алдымен ет мәселесіне тоқталды. Бүгінде ішкі нарықты етпен толық қамтамасыз ету – басты міндет. Сондай-ақ, осы саланың экспорттық әлеуетін күшейту керек.
"Елдегі азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігін барынша азайту – Үкіметтің стратегиялық міндеті. Әрине, өзімізді өзіміз жүз пайыз қамтамасыз етуіміз мүмкін емес, бәлкім, оның қажеті де жоқ шығар. Бірақ нарықтағы қазіргі жағдайды айтудың өзі ұят", - деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, дәстүрлі ұлттық өнімдерімізді сыртқы нарыққа белсенді түрде таныту керек.
"Сондықтан аграрлық экспорттың нақты жоспарын әзірлеу қажет. Онда логистика, ветеринарлық және фитосанитарлық стандарттар мен ұтымды маркетинг стратегиясы ескерілуі тиіс. Бұл – Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғана емес, бірқатар мемлекеттік органның ортақ міндеті. Осыны Үкімет басшылығы деңгейінде үйлестіріп отыру керек", - деп атап көрсетті Тоқаев.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы сүт өндірушілерді қолдауға тапсырма берді. Себебі олар Еуразия экономикалық одағына мүше басқа мемлекеттердің кәсіпорындарымен салыстырғанда қажетті мөлшерде мемлекеттік қолдауға ие болмай отыр. Содан тиімсіз жағдайларға тап болып, ішкі нарықтың өзінде бәсекелестеріне есе жіберіп жатыр.