https://sputnik.kz/20250908/mal-osiretin-adam-demalmaydy-ministr-siyr-etinin-bagasyna-qatysty-pikir-bildirdi--56907363.html
"Мал өсіретін адам демалмайды": министр сиыр етінің бағасына қатысты пікір білдірді
"Мал өсіретін адам демалмайды": министр сиыр етінің бағасына қатысты пікір білдірді
Sputnik Қазақстан
Оның айтуынша, посткеңестік елдердің ішінде ең арзан сиыр еті Қазақстанда сатылады 08.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-08T16:42+0500
2025-09-08T16:42+0500
2025-09-08T16:42+0500
министр
серік жұманғарин
ет
баға
https://sputnik.kz/img/07e7/09/0b/38342456_0:100:3072:1828_1920x0_80_0_0_6e8ab16bd76056733859af36eca7524b.jpg
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин сиыр етінің бағасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Вице-премьердің айтуынша, посткеңестік елдердің ішінде ең арзан сиыр еті Қазақстанда сатылады. Осы орайда вице-премьер мал шаруашылығымен айналысу оңай емес екенін ерекше атап өтті. "Мал өсіретін адам жыл бойы демалмайды. Таңғы бесте тұрады, малға жем беру керек, су беру керек. Сенбі-жексенбі деген демалыс жоқ. Ал малдан ет алу үшін үш жыл қажет. Сонда еттің бағасы қандай болуы керек?", - деп атап көрсетті ол. Айта кетері, бұған дейін ведомствоаралық комиссияның шешімімен сиыр етінің экспортына квота енгізілген болатын. Квота тек ірі және адал өндірушілерге беріледі. Олар қолданыстағы келісімшарттар бойынша жеткізілімдерді сақтауға және сыртқы сату нарықтарын сақтап қалуға мүмкіндік береді. Ал пайданы ғана ойлайтын алыпсатарлар етті сыртқа сата алмайды.
https://sputnik.kz/20250904/siyr-etin-syrtqa-shygaruga-shekteu-engiziledi-56817717.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/0b/38342456_198:0:2929:2048_1920x0_80_0_0_29e5d160ac2fd02ac443dc8b65ad327e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министр, серік жұманғарин, ет, баға
министр, серік жұманғарин, ет, баға
"Мал өсіретін адам демалмайды": министр сиыр етінің бағасына қатысты пікір білдірді
Оның айтуынша, посткеңестік елдердің ішінде ең арзан сиыр еті Қазақстанда сатылады
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин сиыр етінің бағасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Вице-премьердің айтуынша, посткеңестік елдердің ішінде ең арзан сиыр еті Қазақстанда сатылады.
"Бәлкім, әлем бойынша ең арзан сиыр еті бізде сатылатын шығар. Шетелде Қазақстанның еті 10-12 доллар тұрады. Ол жақта ас мәзірінде кәдімгідей "Қазақстаннан келген ет" деп жазып қояды. Біздің етімізге сұраныс өте жоғары", - деді Жұманғарин журналистерге берген сұхбатында.
Осы орайда вице-премьер мал шаруашылығымен айналысу оңай емес екенін ерекше атап өтті.
"Мал өсіретін адам жыл бойы демалмайды. Таңғы бесте тұрады, малға жем беру керек, су беру керек. Сенбі-жексенбі деген демалыс жоқ. Ал малдан ет алу үшін үш жыл қажет. Сонда еттің бағасы қандай болуы керек?", - деп атап көрсетті ол.
Айта кетері, бұған дейін ведомствоаралық комиссияның шешімімен сиыр етінің экспортына квота енгізілген болатын. Квота тек ірі және адал өндірушілерге беріледі. Олар қолданыстағы келісімшарттар бойынша жеткізілімдерді сақтауға және сыртқы сату нарықтарын сақтап қалуға мүмкіндік береді. Ал пайданы ғана ойлайтын алыпсатарлар етті сыртқа сата алмайды.