АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. Алматыда шетелдік алаяқтық call-орталығының қызметі тоқтатылды, деп хабарлады бас прокуратура.
Құқық қорғау органдары, "Қазақтелеком" АҚ және "Кселл" АҚ арасында жасалған өзара іс-қимыл туралы меморандум шеңберінде қала прокуратурасының үйлестіруімен Алматы қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері шетелдік алаяқтық call-орталықтың заңсыз қызметінің жолын кесті.
Шетелдік азаматтар Қазақстан Республикасының азаматтарын тарта отырып, телефон арқылы алаяқтықтың құқыққа қарсы схемасын ұйымдастырғаны анықталды.
"Қаскүнемдер SIP-нөмірлерді сатып алып, пайдаланған, олар арқылы ақша қаражатын ұрлау мақсатында азаматтарға мыңдаған алаяқтық қоңыраулар жасаған", - деп жазылған хабарламада.
Жүргізілген жедел-тергеу әрекеттерінің нәтижесінде call-орталықтың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін серверлер анықталып, токтан/желіден ажыратылды. Заңсыз әрекеттер толығымен тоқтатылды.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.