Премьер-министр алаяқтық кеңінен таралған саланы реттеуді тапсырды

© Sputnik / Санат ИмангалиевОлжас Бектенов
Олжас Бектенов - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2026
Жазылу
Бүгін премьер-министр арттық қаржыландыруды тоқтатуды тапсырды
АСТАНА, 6 қаңтар – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов президент кешегі сұхбатында айтылған маңызды мәселені реттеуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Тоқаев Turkistan газетіне берген сұхбатында жекеменшік мектептер мен медициналық ұйымдарды субсидиялау мәселесіне тоқталған болатын. Бүгінде осы салаға қыруар қаражат бөлінеді. Бірақ әділетсіздік бар.
Бүгін премьер-министр арттық қаржыландыруды тоқтатуды тапсырды.
"Адал бәсекелестікте жұмыс істей алмаса бізге мұндай бизнестің қажеті бар ма? Бұл салада алаяқтық кеңінен таралып кеткені баріне мәлім. Оқу-ағарту, денсаулық сақтау және қаржы министрліктеріне бір апта ішінде аталған мәселелерді шешуге қатысты нақты ұсыныстар енгізуді тапсырамын", - деді Бектенов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Ал еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жәрдемақылар мен төлемдерді тағайындау кезінде алаяқтық жағдайларын болдырмауға бағытталған кешенді шараларды қарастыруы қажет.
Здание парламента Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2026
"Есеп пен презентация жасауды доғарсаңыздар!": Бектенов басшыларға ескерту жасады
Жаңалықтар
0