https://sputnik.kz/20260115/almatyda-alayaqtyqpen-aynalysqan-sheteldik-call-ortalygy-anyqtaldy-60430782.html
Алматыда алаяқтықпен айналысқан шетелдік call-орталығы анықталды
Алматыда алаяқтықпен айналысқан шетелдік call-орталығы анықталды
Sputnik Қазақстан
Қаскүнемдер SIP-нөмірлер арқылы ақша қаражатын ұрлау мақсатында азаматтарға мыңдаған алаяқтық қоңыраулар жасаған 15.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-15T22:53+0500
2026-01-15T22:53+0500
2026-01-15T22:53+0500
бас прокуратура
алматы облысы
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/1411/92/14119277_0:178:3011:1871_1920x0_80_0_0_9db8fa08003136fd02fb245b8a995e47.jpg
АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. Алматыда шетелдік алаяқтық call-орталығының қызметі тоқтатылды, деп хабарлады бас прокуратура.Құқық қорғау органдары, "Қазақтелеком" АҚ және "Кселл" АҚ арасында жасалған өзара іс-қимыл туралы меморандум шеңберінде қала прокуратурасының үйлестіруімен Алматы қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері шетелдік алаяқтық call-орталықтың заңсыз қызметінің жолын кесті.Шетелдік азаматтар Қазақстан Республикасының азаматтарын тарта отырып, телефон арқылы алаяқтықтың құқыққа қарсы схемасын ұйымдастырғаны анықталды.Жүргізілген жедел-тергеу әрекеттерінің нәтижесінде call-орталықтың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін серверлер анықталып, токтан/желіден ажыратылды. Заңсыз әрекеттер толығымен тоқтатылды.Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.
https://sputnik.kz/20260106/premer-ministr-alayaqtyq-keninen-taralgan-salany-retteudi-tapsyrdy-60174763.html
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1411/92/14119277_140:0:2869:2047_1920x0_80_0_0_32e28ddb28a99913aba54c9266015248.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бас прокуратура, алматы облысы, алаяқтық
бас прокуратура, алматы облысы, алаяқтық
Алматыда алаяқтықпен айналысқан шетелдік call-орталығы анықталды
Қаскүнемдер SIP-нөмірлер арқылы ақша қаражатын ұрлау мақсатында азаматтарға мыңдаған алаяқтық қоңыраулар жасаған
АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. Алматыда шетелдік алаяқтық call-орталығының қызметі тоқтатылды, деп хабарлады бас прокуратура.
Құқық қорғау органдары, "Қазақтелеком" АҚ және "Кселл" АҚ арасында жасалған өзара іс-қимыл туралы меморандум шеңберінде қала прокуратурасының үйлестіруімен Алматы қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері шетелдік алаяқтық call-орталықтың заңсыз қызметінің жолын кесті.
Шетелдік азаматтар Қазақстан Республикасының азаматтарын тарта отырып, телефон арқылы алаяқтықтың құқыққа қарсы схемасын ұйымдастырғаны анықталды.
"Қаскүнемдер SIP-нөмірлерді сатып алып, пайдаланған, олар арқылы ақша қаражатын ұрлау мақсатында азаматтарға мыңдаған алаяқтық қоңыраулар жасаған", - деп жазылған хабарламада.
Жүргізілген жедел-тергеу әрекеттерінің нәтижесінде call-орталықтың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін серверлер анықталып, токтан/желіден ажыратылды. Заңсыз әрекеттер толығымен тоқтатылды.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.