Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия иегерлері белгілі болды

Степиндианттың ең үлкені 96 жастағы Бибігүл Төлегенова
Sputnik
АСТАНА, 31 желтоқсан - Sputnik. Тоқаев мәдениет саласында мемлекеттік стипендия тағайындау туралы құжатқа қол қойды.
Ең жасы үлкен стипендиат аты аңызға айналған әнші, Қазақстанның Халық әртісі Бибігүл Төлегенова болды. Ол жақында өзінің 96-шы туған күнін атап өткен болатын.
Ал ең кішісі - 31 жастағы опера әншісі Мария Мудряк.
Әдебиет пен мәдениет саласының дамуына үлес қосқан 76 азамат стипендия иегері атанды.
Олардың қатарында Олжас Сүлейменов, Меруерт Өтекешова, Тұңғышбай Жаманқұлов, Алтыншаш Джаганова, Самал Еслямова және басқалары бар.
Олжас Сүлейменов, Асанәлі Әшімов, Жүрсін Ерманов мемлекеттік стипендия алды