Олжас Сүлейменов, Асанәлі Әшімов, Жүрсін Ерманов мемлекеттік стипендия алды

© Sputnik / Владислав ВодневАқорда ғимараты
Ақорда ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.12.2023
Жазылу
Стипендиаттың ең үлкені 93 жаста, ең кішісі 29 жаста
АСТАНА, 29 желтоқсан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекеттік стипендияны жазушылар, ақындар, әдебиеттанушылар, драматургтер, аудармашылар, публицистер, кинотанушылар, театр, кино және балет актерлері, музыканттар, суретшілер, дирижерлар, музыкатанушылар мен қолөнершілер иеленді.
Стипендия барлығы 80-нен астам адамға берілді, олардың арасында Олжас Сүлейменов, Асанәлі Әшімов, Тұңғышбай Жаманқұлов, Дулат Исабеков, Жандарбек Мәлібекұлы, Жүрсін Ерманов, Самал Еслямова сияқты танымал тұлғалар бар.
Ең үлкен стипендиат 1930 жылы, ең жасы 1994 жылы дүниеге келген.
Толық тізімді мына сілтеме арқылы оқи аласыз.
Димаш Кудайберген - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.12.2022
Димаш "Болашақ" стипендиясының иегері атанды
Жаңалықтар
0