Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия иегерлері белгілі болды

© Sputnik / Владислав ВодневТоқаев мәдениет саласында мемлекеттік стипендия тағайындау туралы құжатқа қол қойды
Тоқаев мәдениет саласында мемлекеттік стипендия тағайындау туралы құжатқа қол қойды - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.12.2025
Жазылу
Степиндианттың ең үлкені 96 жастағы Бибігүл Төлегенова
АСТАНА, 31 желтоқсан - Sputnik. Тоқаев мәдениет саласында мемлекеттік стипендия тағайындау туралы құжатқа қол қойды.
Ең жасы үлкен стипендиат аты аңызға айналған әнші, Қазақстанның Халық әртісі Бибігүл Төлегенова болды. Ол жақында өзінің 96-шы туған күнін атап өткен болатын.
Ал ең кішісі - 31 жастағы опера әншісі Мария Мудряк.
Әдебиет пен мәдениет саласының дамуына үлес қосқан 76 азамат стипендия иегері атанды.
Олардың қатарында Олжас Сүлейменов, Меруерт Өтекешова, Тұңғышбай Жаманқұлов, Алтыншаш Джаганова, Самал Еслямова және басқалары бар.
Ақорда ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.12.2023
Олжас Сүлейменов, Асанәлі Әшімов, Жүрсін Ерманов мемлекеттік стипендия алды
Жаңалықтар
0