АСТАНА, 17 желтоқсан - Sputnik. Қытай Украинадағы дағдарысты саяси шешудегі прогресті құптайды, бейбітшілікті жақтайды және осы бағытта белсенді күш салуда, деп мәлімдеді Ресейдегі ҚХР елшісі Чжан Ханхуэй РИА Новостиге берген сұхбатында.
"Қытай дағдарысты саяси реттеудегі ілгерілеуді құптайды және екі ел басшыларының маңызды келісімдерін жүзеге асыру үшін Ресей тарапымен үйлестіруді жалғастыруға және аймақта да, бүкіл әлемде де бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау үшін тынымсыз күш салуға дайын", - деді елші.
Оның айтуынша, Қытай мен Ресей Украина мәселесі бойынша тығыз байланыста және осы бойынша әр түрлі деңгейде үнемі пікір алмасады.
"Қытай әрқашан бейбітшілік жағында және осы бағытта белсенді күш салады. Төраға Си Цзиньпин дағдарысты шешудің төрт қағидасын ұсынды, бұл Қытай ұстанымының ең беделді көрсеткіші. Онда барлық елдердің егемендігі мен аумақтық тұтастығы құрметтелуі, БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен қағидаттары сақталуы, елдердің қауіпсіздікке негізделген алаңдаушылықтары ескерілуі және дағдарысты бейбіт жолмен шешуге ықпал ететін барлық күш - жігер сақталуы керек делінген", - деп түсіндірді дипломат.