https://sputnik.kz/20251214/uitkoff-ukraina-boyynsha-kelissoz-otkizu-ushin-berlinge-bardy---baq-59599815.html
Уиткофф Украина бойынша келіссөз өткізу үшін Берлинге барды - БАҚ
Уиткофф Украина бойынша келіссөз өткізу үшін Берлинге барды - БАҚ
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 14 желтоқсан - Sputnik. АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф пен америкалық президенттің күйеу баласы, кәсіпкер Джаред Кушнер делегация... 14.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-14T20:50+0500
2025-12-14T20:50+0500
2025-12-14T20:50+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/07/58521170_0:57:3026:1759_1920x0_80_0_0_a5d4f789c53bb43e46e55a8d1d12a038.jpg
АЛМАТЫ, 14 желтоқсан - Sputnik. АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф пен америкалық президенттің күйеу баласы, кәсіпкер Джаред Кушнер делегация құрамында Украина мәселесі бойынша келіссөз жүргізу үшін Берлинге барды, деп хабарлады Bild. Бұл туралы РИА Новости жазды. "АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Уиткофф пен Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер бүгін таңертең қонақүйге келді", - деп хабарлайды басылым. Басылымның хабарлауынша, америкалық келіссөз жүргізушілер Берлин әуежайына ұшып келіп, оларды қонақ үйге барар жолда неміс полицейлері алып жүрді. Германия канцлерінің сыртқы саясат және қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңесшісі Гюнтер Зауттер және Украинаның ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров та келген, келіссөздер басталды.Bild мәліметінше, келіссөздер екі күнге созылады. Германия үкіметіндегі дереккөздің хабарлауынша, жексенбі АҚШ пен Украина өкілдерін қоса алғанда сыртқы саясат жөніндегі кеңесшілердің қатысуымен алдын ала келіссөздер өтеді. Германия канцлері Фридрих Мерц пен Владимир Зеленскийдің кездесуі дүйсенбіге жоспарланған. Кешке Берлинге Еуропа елдерінің мемлекет және үкімет басшылары, сондай-ақ ЕО мен НАТО-ның жоғары лауазымды тұлғалары келеді.Басылымның мәліметінше, бастапқыда Зеленский Берлинге тек дүйсенбіде келеді деп хабарланған. Қазір оның жексенбі келуі мүмкін екендігі туралы айтылуда.
https://sputnik.kz/20251214/zelenskiy-ukrainadagy-qaqtygys-boyynsha-zhana-malimdeme-zhasady-59597795.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/07/58521170_0:0:2663:1997_1920x0_80_0_0_3d9a25564bd76aed005237f38e81c7b7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Уиткофф Украина бойынша келіссөз өткізу үшін Берлинге барды - БАҚ
АЛМАТЫ, 14 желтоқсан - Sputnik. АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф пен америкалық президенттің күйеу баласы, кәсіпкер Джаред Кушнер делегация құрамында Украина мәселесі бойынша келіссөз жүргізу үшін Берлинге барды, деп хабарлады
Bild. Бұл туралы
РИА Новости жазды.
"АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Уиткофф пен Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер бүгін таңертең қонақүйге келді", - деп хабарлайды басылым.
Басылымның хабарлауынша, америкалық келіссөз жүргізушілер Берлин әуежайына ұшып келіп, оларды қонақ үйге барар жолда неміс полицейлері алып жүрді. Германия канцлерінің сыртқы саясат және қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңесшісі Гюнтер Зауттер және Украинаның ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров та келген, келіссөздер басталды.
Bild мәліметінше, келіссөздер екі күнге созылады. Германия үкіметіндегі дереккөздің хабарлауынша, жексенбі АҚШ пен Украина өкілдерін қоса алғанда сыртқы саясат жөніндегі кеңесшілердің қатысуымен алдын ала келіссөздер өтеді. Германия канцлері Фридрих Мерц пен Владимир Зеленскийдің кездесуі дүйсенбіге жоспарланған. Кешке Берлинге Еуропа елдерінің мемлекет және үкімет басшылары, сондай-ақ ЕО мен НАТО-ның жоғары лауазымды тұлғалары келеді.
Басылымның мәліметінше, бастапқыда Зеленский Берлинге тек дүйсенбіде келеді деп хабарланған. Қазір оның жексенбі келуі мүмкін екендігі туралы айтылуда.