https://sputnik.kz/20251217/qytay-beybitshilikti-qoldaydy-elshi-ukraina-maselesi-boyynsha-pikir-bildirdi-59647729.html
"Қытай бейбітшілікті қолдайды": елші Украина мәселесі бойынша пікір білдірді
"Қытай бейбітшілікті қолдайды": елші Украина мәселесі бойынша пікір білдірді
Sputnik Қазақстан
Ол КХР Украинадағы дағдарысты саяси шешудегі прогресті құптайтынын айтты 17.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-17T09:38+0500
2025-12-17T09:38+0500
2025-12-17T09:38+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
қытай
ресей
украина
https://sputnik.kz/img/223/55/2235554_0:221:2859:1829_1920x0_80_0_0_cb6f2fc3fd13f6b1ed5f63fccc0d9598.jpg
АСТАНА, 17 желтоқсан - Sputnik. Қытай Украинадағы дағдарысты саяси шешудегі прогресті құптайды, бейбітшілікті жақтайды және осы бағытта белсенді күш салуда, деп мәлімдеді Ресейдегі ҚХР елшісі Чжан Ханхуэй РИА Новостиге берген сұхбатында."Қытай дағдарысты саяси реттеудегі ілгерілеуді құптайды және екі ел басшыларының маңызды келісімдерін жүзеге асыру үшін Ресей тарапымен үйлестіруді жалғастыруға және аймақта да, бүкіл әлемде де бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау үшін тынымсыз күш салуға дайын", - деді елші.Оның айтуынша, Қытай мен Ресей Украина мәселесі бойынша тығыз байланыста және осы бойынша әр түрлі деңгейде үнемі пікір алмасады."Қытай әрқашан бейбітшілік жағында және осы бағытта белсенді күш салады. Төраға Си Цзиньпин дағдарысты шешудің төрт қағидасын ұсынды, бұл Қытай ұстанымының ең беделді көрсеткіші. Онда барлық елдердің егемендігі мен аумақтық тұтастығы құрметтелуі, БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен қағидаттары сақталуы, елдердің қауіпсіздікке негізделген алаңдаушылықтары ескерілуі және дағдарысты бейбіт жолмен шешуге ықпал ететін барлық күш - жігер сақталуы керек делінген", - деп түсіндірді дипломат.
https://sputnik.kz/20251214/uitkoff-ukraina-boyynsha-kelissoz-otkizu-ushin-berlinge-bardy---baq-59599815.html
қытай
ресей
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/223/55/2235554_65:0:2796:2048_1920x0_80_0_0_4294b0542a852a320dec5231f983e0e1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қытай, ресей, украина
"Қытай бейбітшілікті қолдайды": елші Украина мәселесі бойынша пікір білдірді
Ол КХР Украинадағы дағдарысты саяси шешудегі прогресті құптайтынын айтты
АСТАНА, 17 желтоқсан - Sputnik. Қытай Украинадағы дағдарысты саяси шешудегі прогресті құптайды, бейбітшілікті жақтайды және осы бағытта белсенді күш салуда, деп мәлімдеді Ресейдегі ҚХР елшісі Чжан Ханхуэй
РИА Новостиге берген сұхбатында.
"Қытай дағдарысты саяси реттеудегі ілгерілеуді құптайды және екі ел басшыларының маңызды келісімдерін жүзеге асыру үшін Ресей тарапымен үйлестіруді жалғастыруға және аймақта да, бүкіл әлемде де бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау үшін тынымсыз күш салуға дайын", - деді елші.
Оның айтуынша, Қытай мен Ресей Украина мәселесі бойынша тығыз байланыста және осы бойынша әр түрлі деңгейде үнемі пікір алмасады.
"Қытай әрқашан бейбітшілік жағында және осы бағытта белсенді күш салады. Төраға Си Цзиньпин дағдарысты шешудің төрт қағидасын ұсынды, бұл Қытай ұстанымының ең беделді көрсеткіші. Онда барлық елдердің егемендігі мен аумақтық тұтастығы құрметтелуі, БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен қағидаттары сақталуы, елдердің қауіпсіздікке негізделген алаңдаушылықтары ескерілуі және дағдарысты бейбіт жолмен шешуге ықпал ететін барлық күш - жігер сақталуы керек делінген", - деп түсіндірді дипломат.