АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған сенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамппен Украинадағы қақтығысты шешу жоспарын талқылауға ниетті екенін мәлімдеді.
Ердоған жұма күні Ашхабадта Ресей басшысы Владимир Путинмен келіссөз жүргізді.
"Путинмен болған кездесуден кейін біз бейбітшілік жоспарын (Украинаға қатысты - ред.) мүмкіндік болып жатса, АҚШ президенті Трамппен де талқылаймыз. Бейбітшілік алыс емес, біз оны көріп отырмыз", - деді Ердоған Ашхабадтан оралғаннан кейін журналистерге.
Ол Путинмен қақтығысты шешуге бағытталған күш-жігерді талқылағанын және Анкара Трамптың бастамасына оң көзқараспен қарайтынын атап өтті.