https://sputnik.kz/20251213/uitkoff-zelenskiy-zhane-eo-basshylarymen-berlinde-kezdesedi---baq-59582508.html
Уиткофф Зеленский және ЕО басшыларымен Берлинде кездеседі - БАҚ
Уиткофф Зеленский және ЕО басшыларымен Берлинде кездеседі - БАҚ
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 13 желтоқсан - Sputnik. АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф осы демалыс күндері Берлинде Владимир Зеленскиймен және еуропалық көшбасшылармен... 13.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-13T13:17+0500
2025-12-13T13:17+0500
2025-12-13T13:19+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
украина
ресей
ақш
дональд трамп
владимир путин
зеленский
https://sputnik.kz/img/07e9/07/18/55915872_0:52:682:435_1920x0_80_0_0_428ce5bfaa7bd9ce03a650c91119d0fc.jpg
АЛМАТЫ, 13 желтоқсан - Sputnik. АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф осы демалыс күндері Берлинде Владимир Зеленскиймен және еуропалық көшбасшылармен кездесіп, Украинада мәселесін талқылайды, деп хабарлайды Wall Street Journal дереккөзге сілтеме жасап."Шенеуніктердің айтуынша, осы демалыс күндері Берлинде Америка елшісі Стив Уиткоффтың еуропалық көшбасшылармен және Владимир Зеленскиймен кездесуі өтеді", - делінген материалда.Дереккөздіңхабарлайынша, сондай-ақ бұл кездесуге Франция президенті Эммануэль Макрон, Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер және Германия канцлері Фридрих Мерц қатысады. Америкалық президент Дональд Трамп сәрсенбі еуропалық көшбасшылармен телефон арқылы сөйлескен. Дереккөз мәліметінше, әңгіме барысында Ақ үй қожайыны неміс, француз және британдық әріптестеріне Зеленскийге АҚШ ұсынған бейбітшілік жоспарының шарттарын қабылдау үшін қысым жасау керектігін айтқан.Өткен аптада Владимир Путин Кремльде Уиткофф пен Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнерді қабылдады. Тараптар шамамен бес сағат бойы америкалық бейбіт бастаманы талқылады, бірақ қазірше ортақ мәмілеге келген жоқ.Кейінірек Ресей басшысы айтқандай, Вашингтон бастапқы жоспардың 27 тармағын төрт пакетке бөліп, оларды бөлек қарауды ұсынды. Олардың әрқайсысы бойынша "Мәскеу келіспейтін сұрақтар бар" деп түсіндірді.Ал Зеленский дүйсенбіде Ұлыбританияға сапар шегіп, онда Стармер, Макрон және Мерцпен Америка ұсынған жоспарды талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша Зеленский аумақ мәселесіне қатысты талаппен келіспеді, деп жазды украиналық басылым.Axios порталының мәліметінше, бір күн бұрын Киев Вашингтонға америкалықтардың Украина қақтығысын реттеу туралы соңғы ұсыныстарына жауап берді.
https://sputnik.kz/20251211/ukraina-khalqynyn-basym-boligi-qaqtygystyn-rettelgenin-qalaydy---tramp-59507945.html
украина
ресей
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/18/55915872_0:0:682:512_1920x0_80_0_0_4e76cbaa28a40d713c0a343c526f8209.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина, ресей, ақш, дональд трамп, владимир путин, зеленский
украина, ресей, ақш, дональд трамп, владимир путин, зеленский
АЛМАТЫ, 13 желтоқсан - Sputnik. АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф осы демалыс күндері Берлинде Владимир Зеленскиймен және еуропалық көшбасшылармен кездесіп, Украинада мәселесін талқылайды, деп хабарлайды
Wall Street Journal дереккөзге сілтеме жасап.
"Шенеуніктердің айтуынша, осы демалыс күндері Берлинде Америка елшісі Стив Уиткоффтың еуропалық көшбасшылармен және Владимир Зеленскиймен кездесуі өтеді", - делінген материалда.
Дереккөздіңхабарлайынша, сондай-ақ бұл кездесуге Франция президенті Эммануэль Макрон, Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер және Германия канцлері Фридрих Мерц қатысады.
Америкалық президент Дональд Трамп сәрсенбі еуропалық көшбасшылармен телефон арқылы сөйлескен. Дереккөз мәліметінше, әңгіме барысында Ақ үй қожайыны неміс, француз және британдық әріптестеріне Зеленскийге АҚШ ұсынған бейбітшілік жоспарының шарттарын қабылдау үшін қысым жасау керектігін айтқан.
Өткен аптада Владимир Путин Кремльде Уиткофф пен Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнерді қабылдады. Тараптар шамамен бес сағат бойы америкалық бейбіт бастаманы талқылады, бірақ қазірше ортақ мәмілеге келген жоқ.
Кейінірек Ресей басшысы айтқандай, Вашингтон бастапқы жоспардың 27 тармағын төрт пакетке бөліп, оларды бөлек қарауды ұсынды. Олардың әрқайсысы бойынша "Мәскеу келіспейтін сұрақтар бар" деп түсіндірді.
Ал Зеленский дүйсенбіде Ұлыбританияға сапар шегіп, онда Стармер, Макрон және Мерцпен Америка ұсынған жоспарды талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша Зеленский аумақ мәселесіне қатысты талаппен келіспеді, деп жазды украиналық басылым.
Axios порталының мәліметінше, бір күн бұрын Киев Вашингтонға америкалықтардың Украина қақтығысын реттеу туралы соңғы ұсыныстарына жауап берді.