Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ердоған Трамппен Украинаға қатысты бейбітшілік жоспарын талқылайтынын мәлімдеді

© Photo : Пресс-служба Президента Республики КазахстанРеджеп Тайип Эрдоган в Акорде
Реджеп Тайип Эрдоган в Акорде - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.12.2025
Жазылу
Бейбітшілік алыс емес, біз оны көріп отырмыз, деді Түркия басшысы
АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған сенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамппен Украинадағы қақтығысты шешу жоспарын талқылауға ниетті екенін мәлімдеді.
Ердоған жұма күні Ашхабадта Ресей басшысы Владимир Путинмен келіссөз жүргізді.
"Путинмен болған кездесуден кейін біз бейбітшілік жоспарын (Украинаға қатысты - ред.) мүмкіндік болып жатса, АҚШ президенті Трамппен де талқылаймыз. Бейбітшілік алыс емес, біз оны көріп отырмыз", - деді Ердоған Ашхабадтан оралғаннан кейін журналистерге.
Ол Путинмен қақтығысты шешуге бағытталған күш-жігерді талқылағанын және Анкара Трамптың бастамасына оң көзқараспен қарайтынын атап өтті.
Стив Уиткофф - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.12.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Уиткофф Зеленский және ЕО басшыларымен Берлинде кездеседі - БАҚ
Жаңалықтар
0