Ақмола облысында 7 көлік соқтығысты: бір адам көз жұмды

Тағы екі адам әртүрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді
Sputnik
АЛМАТЫ, 13 желтоқсан – Sputnik. Ақмола облысында жаппай жол апаты болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Оқиға 13 желтоқсанда Астана - Ерейментау - Шідерті автожолының 94-95 шақырымында болды. Жеті көлік жаппай соқтығысқан.
"Алдын ала мәліметке сәйкес, жол апаты салдарынан екі адам әртүрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді. Бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды", - дейді ведомство.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, оның нәтижесі бойынша тиісті процестік шешім қабылданады.
Екібастұзда КамАЗ жолдың қарсы бетіне шығып кетті: екі адам көз жұмды