Ақмола облысында 7 көлік соқтығысты: бір адам көз жұмды

© Sputnik / Абзал КалиевАпрельский снегопад в Астане
Апрельский снегопад в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.12.2025
Жазылу
Тағы екі адам әртүрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді
АЛМАТЫ, 13 желтоқсан – Sputnik. Ақмола облысында жаппай жол апаты болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Оқиға 13 желтоқсанда Астана - Ерейментау - Шідерті автожолының 94-95 шақырымында болды. Жеті көлік жаппай соқтығысқан.
"Алдын ала мәліметке сәйкес, жол апаты салдарынан екі адам әртүрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді. Бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды", - дейді ведомство.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, оның нәтижесі бойынша тиісті процестік шешім қабылданады.
Знак аварийной остановки на дороге - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.12.2025
Екібастұзда КамАЗ жолдың қарсы бетіне шығып кетті: екі адам көз жұмды
Жаңалықтар
0