https://sputnik.kz/20251212/ekibastuzda-kamaz-zholdyn-qarsy-betine-shygyp-ketti-eki-adam-koz-zhumdy-59565620.html
Екібастұзда КамАЗ жолдың қарсы бетіне шығып кетті: екі адам көз жұмды
Екібастұзда КамАЗ жолдың қарсы бетіне шығып кетті: екі адам көз жұмды
Sputnik Қазақстан
Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады 12.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-12T21:03+0500
2025-12-12T21:03+0500
2025-12-12T21:03+0500
екібастұз
жол апаты
жол жүру ережесі
https://sputnik.kz/img/22/72/227239_0:0:5184:2916_1920x0_80_0_0_f1efef2a6eeada7fed0c383055573e97.jpg
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Павлодар облысында КамАЗ жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, жеңіл көлікпен соқтығысты. Салдарынан екі адам көз жұмып, біреуі жарақат алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полицияға сілтеме жасап.Полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті жүргізуші уақытша қамау изоляторына қамалды.Алдын ала мәліметке сәйкес, 12 желтоқсан күні "Екібастұз–Солнечный ауылы" автожолының 10-шақырымында тіркемесі бар КамАЗ жүк көлігінің жүргізуші қарсы қозғалыс жолағына шығып, Great Wall автокөлігімен соқтығысқан. Одан кейін екі көлік те жол жиегіне аударылған.Полиция департаменті мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жол қозғалысы ережесін, жылдамдық режимін қатаң сақтап, ауа райының өзгеруін ескеру қажеттігін еске салды.
https://sputnik.kz/20251104/aqtobede-12-adamnyn-omirin-qigan-zhol-apaty-eki-adam-aurukhanadan-shyqty-58424416.html
екібастұз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/22/72/227239_576:0:5184:3456_1920x0_80_0_0_fc0946f4fea20485ab867b90afa87ef2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
екібастұз, жол апаты, жол жүру ережесі
екібастұз, жол апаты, жол жүру ережесі
Екібастұзда КамАЗ жолдың қарсы бетіне шығып кетті: екі адам көз жұмды
Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Павлодар облысында КамАЗ жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, жеңіл көлікпен соқтығысты. Салдарынан екі адам көз жұмып, біреуі жарақат алды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан облыстық полицияға сілтеме жасап.
Полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті жүргізуші уақытша қамау изоляторына қамалды.
Алдын ала мәліметке сәйкес, 12 желтоқсан күні "Екібастұз–Солнечный ауылы" автожолының 10-шақырымында тіркемесі бар КамАЗ жүк көлігінің жүргізуші қарсы қозғалыс жолағына шығып, Great Wall автокөлігімен соқтығысқан. Одан кейін екі көлік те жол жиегіне аударылған.
"Автокөліктер арнайы айыптұраққа қойылды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады", - дейді полицейлер.
Полиция департаменті мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жол қозғалысы ережесін, жылдамдық режимін қатаң сақтап, ауа райының өзгеруін ескеру қажеттігін еске салды.