Қазақстан Иранға құны кемінде 200 миллион доллар болатын тауар тасымалдауға дайын

жыл басынан бері Иран Қазақстан экономикасына 17,8 миллион доллар тікелей инвестиция салған
Sputnik
АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкиан Қазақстанға ресми сапармен келді.
Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкиан Қазақстанға ресми сапармен келді
Қазақстан мен Иран президенттерінің арасындағы келіссөзден кейін ол екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғасты.
Жиында мемлекет басшысы Қазақстан Иранға жалпы құны кемінде 200 миллион доллар болатын тауар тасымалдауға дайын екенін айтты.
"Өзара тауар айналымы жылдан жылға артып келеді. Дегенмен сауда-саттықты әртараптандыру мәселесін ойластыру керек. Әсіресе, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, тау-кен, өндіріс, медицина және озық технологиялар салаларындағы қарым-қатынасты жандандыру қажет. Бүгін қол қойылатын құжаттар саяси және экономикалық алыс-берісті дамытуға тың серпін береді деп сенемін", – деді Қазақстан президенті.
Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкиан Қазақстанға ресми сапармен келді
Қасым-Жомарт Тоқаев Тегеранда Қазақстанның сауда үйін ашу бастамасына қолдау білдіріп, Іскерлік кеңестің жұмысын жандандырудың, Қазақстан-Иран бірлескен сауда-өнеркәсіп палатасының әлеуетін толық пайдаланудың маңызын айтты.
Ақорда мәліметінше, жыл басынан бері Иран Қазақстан экономикасына 17,8 миллион доллар тікелей инвестиция салған. Иран кәсіпкерлері Алматы облысында ірімшік зауытын, Батыс Қазақстан облысында мал терісін өңдеу комбинатын ашу секілді жобаларға белсене атсалысып жатыр.
Президенттер аймақаралық байланысты күшейту үшін көлік-транзит жолдарын одан әрі әртараптандыру, әсіресе, Каспий теңізіндегі порт инфрақұрылымын бірлесе дамыту мәселелерін талқылады.
Бұдан бөлек, келіссөзде ауыл шаруашылығы, энергетика, тау-кен, цифрландыру және жасанды интеллект салаларында бірлескен жобаларды іске асыру перспективасына назар аударылды.
Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық барлық бағытта дамып жатыр – Тоқаев