Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық барлық бағытта дамып жатыр – Тоқаев

© Пресс-служба президента КазахстанаПрезидент Касым-Жомарт Токаев принял посла России в Казахстане Алексея Бородавкина
Президент Касым-Жомарт Токаев принял посла России в Казахстане Алексея Бородавкина - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2025
Жазылу
Саяси диалог бұрын-соңды болмаған қарқынды сипат алған
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы бірлескен күш-жігердің арқасында Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастық барлық бағытта дамып, саяси диалог бұрын-соңды болмаған қарқынды сипат алғанын атап өтті.
"Қазақстан президенті жуырда Ресей Федерациясына жасаған мемлекеттік сапарының және Владимир Путинмен жүргізген келіссөздердің табысты өткеніне баса назар аударып, оның нәтижесі жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық қарым-қатынастарға айтарлықтай серпін бергеніне тоқталды", - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, Тоқаев Ресейге мемлекеттік сапарынан кейін Путинге хат жолдап, ризашылығын білдірген болатын.
"Жылы жүздесу, өзара сенім, түсіністік пен ашықтық сипатында өткен келіссөздер сапардың сәтті болуына септігін тигізді. Қазақстан халқы мұны зор ықыласпен қабылдады", - деп атап өтті Қазақстан президенті.
Оның айтуынша, Қазақстан мен Ресейдің мемлекетаралық қарым-қатынасын жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық деңгейіне жеткізу жөніндегі декларация айрықша мәнге ие.
Жаңалықтар
0