Қазақстан Иранға құны кемінде 200 миллион доллар болатын тауар тасымалдауға дайын

© Photo : АкордаИран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкиан Қазақстанға ресми сапармен келді
Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкиан Қазақстанға ресми сапармен келді - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.12.2025
Жазылу
жыл басынан бері Иран Қазақстан экономикасына 17,8 миллион доллар тікелей инвестиция салған
АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкиан Қазақстанға ресми сапармен келді.
© Sputnik / Санат ИмангалиевИран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкиан Қазақстанға ресми сапармен келді
Касым-Жомарт Токаев и Масуд Пезешкиан в Акорде - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.12.2025
Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкиан Қазақстанға ресми сапармен келді
Қазақстан мен Иран президенттерінің арасындағы келіссөзден кейін ол екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғасты.
Жиында мемлекет басшысы Қазақстан Иранға жалпы құны кемінде 200 миллион доллар болатын тауар тасымалдауға дайын екенін айтты.
"Өзара тауар айналымы жылдан жылға артып келеді. Дегенмен сауда-саттықты әртараптандыру мәселесін ойластыру керек. Әсіресе, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, тау-кен, өндіріс, медицина және озық технологиялар салаларындағы қарым-қатынасты жандандыру қажет. Бүгін қол қойылатын құжаттар саяси және экономикалық алыс-берісті дамытуға тың серпін береді деп сенемін", – деді Қазақстан президенті.
© Photo : АкордаИран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкиан Қазақстанға ресми сапармен келді
Переговоры Касым-Жомарта Токаева и Масуда Пезешкиана в расширенном составе с участием делегаций двух стран - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.12.2025
Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкиан Қазақстанға ресми сапармен келді
Қасым-Жомарт Тоқаев Тегеранда Қазақстанның сауда үйін ашу бастамасына қолдау білдіріп, Іскерлік кеңестің жұмысын жандандырудың, Қазақстан-Иран бірлескен сауда-өнеркәсіп палатасының әлеуетін толық пайдаланудың маңызын айтты.
Ақорда мәліметінше, жыл басынан бері Иран Қазақстан экономикасына 17,8 миллион доллар тікелей инвестиция салған. Иран кәсіпкерлері Алматы облысында ірімшік зауытын, Батыс Қазақстан облысында мал терісін өңдеу комбинатын ашу секілді жобаларға белсене атсалысып жатыр.
Президенттер аймақаралық байланысты күшейту үшін көлік-транзит жолдарын одан әрі әртараптандыру, әсіресе, Каспий теңізіндегі порт инфрақұрылымын бірлесе дамыту мәселелерін талқылады.
Бұдан бөлек, келіссөзде ауыл шаруашылығы, энергетика, тау-кен, цифрландыру және жасанды интеллект салаларында бірлескен жобаларды іске асыру перспективасына назар аударылды.
Президент Касым-Жомарт Токаев принял посла России в Казахстане Алексея Бородавкина - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2025
Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық барлық бағытта дамып жатыр – Тоқаев
Жаңалықтар
0