Астанада қоғамдық көлік пен шағын автобус соқтығысты: бір адам көз жұмды

Жарақат алған екі адам ауруханаға жеткізілді
Sputnik
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Астанада қоғамдық көлік пен шағын автобус соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Алдын ала деректерге сәйкес шағын автобустың жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аялдамада тоқтап тұрған жолаушылар автобусына соғылған.
"Жол апаты салдарынан шағын автобустың жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды", - деп жазылған хабарламада.
Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді, оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде. Жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Алматы облысында жол апатынан жеті адам көз жұмды