Алматы облысында жол апатынан жеті адам көз жұмды

© Photo : Rico_LoebЗнак аварийной остановки на дороге
Знак аварийной остановки на дороге - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.12.2025
Жазылу
Полиция қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр
АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Алматы-Бішкек тас жолының 129-шы шақырымында болған жантүршігерлік апат жеті адамның өмірін қиды, деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті.
"Алдын ала мәлімет бойынша Honda Odissei жүргізушісі алдында келе жатқан Howo жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысқан. Апат салдарынан көліктегі жеті адамның барлығы, соның ішінде жүргізуші де алған жарақатынан қайтыс болды", - делінген хабарламада.
Полиция жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғады, ал құқық қорғау органдарының қызметкерлері қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр.
ДТП на трассе Самара-Шымкент  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2025
Ақтөбеде 12 адамның өмірін қиған жол апаты: екі адам ауруханадан шықты
Жаңалықтар
0