Астанада қоғамдық көлік пен шағын автобус соқтығысты: бір адам көз жұмды

© Photo : Астана полиция департаментіАстанада қоғамдық көлік пен шағын автобус соқтығысты
Астанада қоғамдық көлік пен шағын автобус соқтығысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.12.2025
Жазылу
Жарақат алған екі адам ауруханаға жеткізілді
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Астанада қоғамдық көлік пен шағын автобус соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Алдын ала деректерге сәйкес шағын автобустың жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аялдамада тоқтап тұрған жолаушылар автобусына соғылған.
"Жол апаты салдарынан шағын автобустың жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды", - деп жазылған хабарламада.
Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді, оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде. Жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Знак аварийной остановки на дороге - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.12.2025
Алматы облысында жол апатынан жеті адам көз жұмды
Жаңалықтар
0